Сіз бұл бөлімде мектеп педагог-психологтарының қызметі туралы барлығын біле аласыз. Қызықты мақалалар, психологиялық кеңестер оқи аласыздар. Мектеп психологы өз мәселелеріңізді шешуге және бала тәрбиелеуде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Ешкім ешқашан жалғыздық көріп бақытсыз болғанды қаламайды. Жақын адамдарыңыздың өзі сіздегі жан күйзелісіңізбен қиындықтарыңызды байқамауы да мүмкін. Мұндай кезең әрбір адамның басында болады және көмекті қажет етеді. Сол кезде сіздерді түсініп, әрдайым көмектесуге дайынбыз.
Мектебіміздің психологы
Мукашева Әлия Нургазыевна
Білімі - Инновациялық Еуразия университеті
Педагогикалық өтілі – 4 жыл.
Жұмыс күндері:
дүйсенбі - жұма 8.30 - 17.00
Психологиялық қызметтің мақсаты: біртұтас педагогикалық процессті психологиялық қамтамасызету, оқушының жеке басының дамуы үшін қажетті жағдайларды жасау.
Міндеттері:
- Балалармен, қиын жасөспірімдермен және үлгермеушілермен диагностико – коррекциондық жұмысты жүзеге асыру.
- Оқушының интеллектуальдық, тұлғалық, эмоциональды – ерікті ерекшеліктерінін диагностикалау.
- Оқушының мұғаліммен, қатарластарымен, ата – анамен және қоршаған ортамен тұлғааралық байланыстардың бұзылуының психологиялық себептерін анықтау және жою.
- Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау, көңіл аудару, мінез – құлық және т.б. дамытуда, оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық мәселелер бойынша ата – анаға, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігін кеңес беру.
- Оқушыларға оқу, даму, өмірдегі өз орнын анықтау, өзін – өзі тәрбиелеу, өз қатарластары мен үлкендермен өзара байланысы жөніндегі сұрақтар бойынша жеке және топтық консультацияларды жүргізу.