
Директордың тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары.
Химия және биология мұғалімі.
Білімі жоғары, ПМИ.
Еңбек өтілі 23 жыл.
Біліктілік санаты педагог-сарапшы.
Лауазымдық кәсіби міндеттері:
1.Оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуы мен аяқталуына, емтихандарды ұйымдастырып өткізуге, мониторингтік есеп дайындауға, ҚББ-не тапсыруды іске асырсын;
2.Қатаң есептегі құжаттардың талапқа сай жүргізілуін қадағаласын;
3.Оқу жоспарын, сабақ кестесін құруға жауапты болсын;
4.Тарификация, табель құруды,мұғалімдердің жүктемесін бөлуді іске асырсын:
5.ОЖБС-ға дайындықты ұйымдастырсын, бақылауда ұстасын;
6. «Үздіктер» мен «Алтын белгі» аттестатына үміткерлерінің ҰБТ-ға дайындықтарын қадағаласын, құжаттарын жинақтап, әзірлеуге жауапты болсын;
7.Сыртқы бақылау TIMS, PISA-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастырсын, өткізсін;
8.ЖОО-мен басқа да оқу орындарымен байланыс ұйымдастырсын, педагогикалық тәжірибе жұмысын ұйымдастырып, іске асырсын;
9.Бейіндік оқыту жұмысын қадағаласын;
10.Сабақтастық жұмысын ұйымдастырып іске асырсын;
11.Информатизациялау, мектеп сайты жұмысына жауапты болсын;
12.Электрондық оқыту жүйесіне басшылық жасасын, бақылауда ұстасын;
13.Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына жалпы басшылық етсін;
14.Шалғайдағы оқушыларды мектепке әкелу жұмыстарын ұйымдастырып, бақыласын;
15.Жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің жұмысын басқарып бақылап, дамуын қадағалап, кеңес береді; Математика, физика, ИВТ, сызу, химия, биология, география пәндері бойынша сапалы білім беру мемлекеттік стандарттардың жүзеге асырылуын басқарсын, білім сапасының мониторингін жүргізсін;
16.Педагогикалық кеңестерді ұйымдастырып өткізуге және хаттамаларына жауапты болсын;
17.Қосымша, арнайы курс, факультатив сағаттарының сапалы өткізілуін, 9-11 сыныптарының жалпы оқыту жағдайын, білім сапасын, қатаң сұраныстағы құжаттарының талапқа сай жүргізілуін қадағаласын;
18.Оқу кабинеттері құжаттарына, оның ішінде төлемақы кабинеттердің дамуы мен рәсімделуіне жауапты болсын.
19.7-8 сыныптардың оқу-тәрбие жұмысына, қатаң есептегі құжаттардың сауатты жүргізілуіне бақылау жасасын;
20.Педагог мұғалімдердің педагогикалық этикет сақтап, ата-ана, оқушылармен өзара қарым-қатынасты жоғары мәдениетті деңгейді сақтай отырып қалыптастыруларына ықпал етсін және бақылауда ұстасын;
21.Өзі басқарған сұрақтары бойынша шешімдер, бұйрықтар жобаларын дайындасын.Мониторингтік және рейтингтік сараптама жасасын.

Директордың тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Білімі жоғары, КарМУ.
Еңбек өтілі 24 жыл.
Біліктілік санаты жоғары.
Лауазымдық кәсіби міндеттері:
1.Мектептің тәрбие жұмысы бойынша даму бағдарламасы, тұжырымдамасы, жылдық, айлық, апталық жұмыс жоспарларын әзірлеп, іске асырсын;
2.Мектептің тәрбие жұмысы қызметін ұйымдастырсын, мониторинг жүргізсін;
3.«Жас сынып жетекшілері», «Инновациялық педагогикалық тәжірибе» мектептеріне 5-11 сынып жетекшілерінің жұмысына басшылық етсін;
4.Оқушылардың мектепішілік тәртіп ережесін жасап, бақылауда ұстасын;
5.Оқушылардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарын ұйымдастыру кезінде сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсетсін, тәжірибелеріне инновациялық өзгерістер енгізіп, жүзеге асырсын; кәсіби шеберлігін арттыруды, біліктілігін жоғарылатуды бақыласын;
6.5-6 сыныптар бойынша қатаң есептегі құжаттардың талапқа сай жүргізілуін қадағаласын, оқушылардың күнделіктерінің толтырылуын, ата-аналармен кері байланыс жағдайын бақыласын;
7.Жалпы білім беру сұрақтарына жауапты болсын:
-оқушылардың сабаққа қатысуы, кешікпеуі;
-оқушы формасының мектепшілік ережеге сай болуы;
-9,10 сынып оқушыларының еңбекпен қамтылуы;
8.Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін құрып, басқарсын;
9.Профилактикалық кеңес жұмысын жоспарлап басқарсын, сапалы түрде өткізсін;
10. ЖІБ және МІБ –де тұрған балалар мен қатерлі деңгейдегі балалармен жұмысты жоспарлап жүргізсін, бақылауда ұстасын;
11.Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалауын, мектептегі спорттық үйірмелер мен секциялардың жұмысын, мектептен тыс мекемелердегі әр түрлі спорттық секциялар, үйірмелерге т.б. қатысуын ұйымдастырып, қадағаласын;
12.Жазғы мектепшілік лагерь жұмысын ұйымдастыруға басшылық етсін, аға тәлімгер, дене шынықтыру, технология, сызу, сурет, музыка мұғалімдері ӘБ жұмысына басшылық жасасын, журналдардың талапқа сай толтырылуын қадағаласын;
13.Жол жүру ережесі, өрт қауіпсіздігі бойынша оқушылармен жұмыс ұйымдастырсын;
14.Оқушылар мен ұстаздардың кезекшілігін ұйымдастырып, кезекшілік барысын бақылауда ұстасын;
15.Ата-аналармен жұмыс ұйымдастырсын, ата-аналар комитетінің жұмысын жоспарлап, бақыласын;
16.Жергілікті мөлтек аудан әкімшілігімен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын; Мемлекеттік мекемелермен тәрбие сұрақтары бойынша байланыс жасауды іске асырсын;
17.АҚ штабын басқарсын, ұйымдастырып өткізуге жетекшілік жасасын;
18. Мұғалімдер, оқушылар, ата-аналармен құқықтық жаппай білім беру жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастырсын және бақылауда ұстасын;
19.Педагог мұғалімдердің педагогикалық такт, педагогикалық этикет сақтап, ата-ана, оқушылармен өзара қарым-қатынасты жоғары мәдениетті деңгейді сақтай отырып қалыптастыруларына ықпал етсін және бақылауда ұстасын;
20.Өзі басқарған сұрақтары бойынша шешімдер, бұйрықтар жобаларын жасасын.Мониторингтік және рейтингтік сараптама жасасын.
Әлеуметтік педагог.
Білімі жоғары, ПаУ.
Еңбек өтілі 5 жыл.
Біліктілік санаты І.
1.Өзі басқарған сұрақтар бойынша мемлекеттік құжаттарды, нұсқаулықтарды басшылыққа алып орындасын;
2.Оқушылар, ата-аналар арасында әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастырсын;
3.Әлеуметтік жобалар мен бағдарламалар дайындап, іске асырсын;
4.Оқушылардың құқығын қорғау қызметін басқарсын;
5.Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік құқығын қорғасын;
6.Оқушылардың заңды ықыласы мен құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша қамқорлық кеңесі мен сынып жетекшілері, ата-ана комитеттімен өзара байланысты қадағалансын;
7.Балалардың тұрмыс жағдайын, сұраныстарын, туындаған мәселелерін талдап, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау жасап, дәрігерлік қызмет ұйымдастырсын;
8.Балаларды әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға шаралар жоспарлансын, ұйымдастырсын;
9.Көп балалы жанұялар, аз қамтылған отбасынан шыққан жетім балаларға көрсетілетін мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз етілуін бақыласын;
10.Мектеп бітірушілерден еңбекке орналасу туралы ақпарат жинақтауға жауапты болсын;
11.Бракеражды журналдың жүргізілуін қадағаласын;
12.Оқушылардың тиімді тамақтануын қадағаласын;Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарына басшылық етсін;
13.Тубвиражды, тубинфекциялы балалардың әлеуметтік жағдайын қадағалап, мектеп тарапынан қажетті көмек көрсетілуіне жұмыстар жүргізсін;
14.Жазғы еңбек топтарының жұмысын басқарсын;
15.Тәртібі қиын балалармен жұмыс жүргізсін;
16.Оқушылардың сабаққа қатысуы, кешікпеуі, оқушы формасының мектепішілік ережеше сай сақталуын қадағаласын;
17.Өзі басқарған сұрақтары бойынша жауап берсін, мониторингтік және рейтингтік сараптама жасасын;