Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Блюдо очень скусное! - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қамқоршылық кеңесінің жарғысы. Өкілеттіктер

                                                               1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

1.1.  «Надежда Казахстана» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) ерікті түрде әлеуметтік, мәдени, білім беру құқықтары мен мүдделерін қолдау және қорғау үшін құрылған үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым.

1.2.Қор өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Азаматтық Кодексiн, ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»  заңы мен басқа да заңнамалық актілердi және осы Жарғыны басшылыққа алады.

Қордың  түрi: Қоғамдық

1.3  Қордың толық атауы: «Надежда Казахстана» қоғамдық  қоры.

1.4  Қордың заңды мекенжайы мен орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қ.,  Черничная көш., 29.

1.5.Қор шектеусiз мерзiмге құрылған.

.

                                                             2. ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ

2.1. ҚорҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылады және оның  өзiндiк балансы,  дараланған мүлкi, дөңгелек мөрі, мөртаңбасы, фирмалық бланкiсi,  банктерде есептiк және валюталық шоттары болады.

2.2. Қорбасқарудың әдiсi және түрлерін анықтау мәселелері бойыншатолық шаруашылық дербестiкке ие, олар оның мақсаттарына қызмет етедi. Қор өз атынан мүлiктiкжәне жеке мүлiксiз құқықтар сатыпала алады және мiндеттер көтере алады, соттарда арыз береді және жауап береді.

2.3.Қор қолданыстағызаңменқарастырылғантәртiптеөзiнетиесiлi мүлiктергежауаптыболады. Мемлекет пен Қор құрылтайшылары Қордың мiндеттерi бойынша жауапты болмайды. Қор мемлекет пен Қор құрылтайшыларының мiндеттерi бойынша жауапты болмайды.

2.4.Қор өзбетiнше, небасқасенiмхатбойыншабасқазаңдыжәнежекетұлғаларменкәсiпорынменұйымдарашаалады,  бiрiккенжобаларменмақсаты  Қордың мақсатыменсәйкескелетiнқауымдастыққа,  қоғамдарғақатысып,  ҚазақстанРеспубликасының аумағындафилиалдарменөкiлдiктерашаалады.

2.5.Қор өзiнiң иелiгiндегi қаржының есебiненжекежәнезаңдытұлғаларданмүлiктердi жалғанесатыпалаалады.

2.6.Қор өзқызметiнөзбетiншежоспарлайды.

2.7.Қор  кез-келгензаңдыжәнежекетұлғаларменкелiсiмшартжасауғақұқылы.

2.8.Қор өзқызметi менбасқадазаңдытұлғалардың қызметiнежасалғанiс-шараларменбағдарлама,  жобалардыинвестициялау үшiнзаңдыжәнежекетұлғалардан несиеалуғақұқылы.

2.9. Қор қолданыстағызаңнамағасәйкесөзқызметiнiң нәтижелерiнесанақ, бухгалтерлiкжәнежеделесептi жүзегеасырады.  Қор меноның лауазымдытұлғаларыесепберудiң нақтылығымендұрыстығынажауаптыболады.

2.10. Қор деркезiндежәнебелгiленгенмөлшердесалық төлеп, төлемдеренгiзедi,  олардыаударудың дұрыстығыменнақтылығынажауаптыболады.

2.11. Қор өзқызметiнҚазақстан Республикасының  аумағындажүзегеасырады.

 

 

3.ҚЫЗМЕТ МӘНІ  МЕН МАҚСАТЫ

        3.1. Қор қызметiнің басты мақсаты «Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім беру  мектебi» ММ-ны дамытуға, мектеп оқушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етуге бағытталған қайырымдылықты жүзеге асыру болып табылады.

3.2. Қордың негiзгi міндеттері мыналар болып табылады:

- оқу-тәрбие үрдісіне қатысатын оқушылар, ата-аналар, мұғалiмдердің өзара бірлесіп қызмет етуіне қолайлы жағдайлар жасау;

- оқушылардың қабiлеттерi, олардың шығармашылық, зияткерлiк және рухани потенциалын дамыту үшін жағдайлар жасау;

- аз қамтылған отбасы балалары, жетiм балаларға қолайлы жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, қосымша бiлiм беру бойынша жұмыстарға ықпал ету;

- оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау;

- «Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім беру  мектебi» ММ-ның материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу.

3.3. Қор қызметiнің мәні болып табылады:

- Қордағы мектеп қызметкерлерiнің еңбегін төлеу бойынша ынталандыру бөлігін үлестіруге қатысу;

- ғылыми - құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық және басқа бiлiм беретiн бағдарламалармен және мектептiң даму бағдарламаларының қамтамасыз етілуіне қатысу;

- оқудағы,  зияткерлiк және творчестволық жарыстардағы ерекше жетiстiктерге ие болған оқушыларға сыйақы тағайындау;

- мемлекеттiк органдар және ұйымдармен, сондай-ақ  мемлекетік құрылымдармен  Қор қызметiнiң мәселелері бойынша өзара қызмет ету;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін және Қордың жарғылық мақсаттарын қамтамасыз ету үшін табыс табуға бағытталған сыртқы экономикалық кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлері.

3.4.Қор өз қызметiнде экономикалық пайда табуды қөздемейдi.

Қор өзiнiң жарғылық мақсатына жету үшін кәсіпкерлік, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет, экспортты-импортты операцияларды жүзеге асыра алады.  Қордың кәсiпкерлiк қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3.5.Қордың қәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстары  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.

3.6.Кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыс Қор мүшелерiнiң арасында бөлiнбей,  Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға жұмсалады.  Қор өз қаржысын қайырымдылық мақсаттарға жұмсай алады.

3.7. Қор Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамалық және нормативтiк актілерiн басшылыққа ала отырып, Қор қызметiнің қажетi үшін сыртқы экономикалық қызмет етіп, шетелдік жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасап, экспортты-импортты операцияларды жүзеге асыра алады.

 

4. ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ   ҚҰҚЫҚТАРЫ

4.1.Құрылтайшы мыналарға құқылы:

1)  Осы шартта белгіленген тәртіпте қызметті басқару ісіне қатысуға;

2)  Қордыңқызметi туралы ақпарат алуға және оның құжаттарымен танысуға;

3)  Қордың ісіне қатысуын тоқтатуға.

4.2.4.1. тармақта аталған құқықтар  толық емес.  Қорқұрылтайшыларының заңнама және осы Жарғыға  сәйкес басқа да құқықтары болуы мүмкiн.

 

5.  ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢМIНДЕТТЕРI

5.1.Қор құрылтайшыларымыналарғамiндеттi:

1)  құрылтайшылыққұжаттардың талаптарынсақтауға;

2) Қордың дұрысқалыптасуыүшiнқұрылтайшылық құжаттарда көзделген тәртiп,көлем, мерзiм  және тәсілдер бойынша  мүлiктердi Қорға тапсыруға;

3)  Қор коммерциялық құпиядепжариялағанмәлiметтердi жарияламауға;

5.2.Қор құрылтайшыларызаңнамаменкөзделген басқадамiндеттердiорындайды. 

 

 

                                                              6.МЕНШIК

6.1            Мүлікті қалыптастыру көздері болып табылады:

1) құрылтайшыдан түскен  түсiмдер;

2) ерiктi түрде берiлген мүлiктiк жарна мен қайырымдылық көмектер;

3) заңнамамен белгiленген жағдайда тауар сату, қызмет көрсетуден түскен табыстар (кірістер);

4) Қоракция, облигация,  басқа да құнды қағаздар мен жинақтар бойынша (депозит) алған дивиденттер (кірістер), ынталандырулар (мүдделер);

5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер.

6.2.Қордың баланстық  есебіндегі кәсiпорындар, мүлiктiк кешендер,  жер учаскелерi,  ғимараттар,  жабдықтар,  шикiзаттар мен материалдар,  ақшалай қаржылар, арнаулы және мақсатты бағыттағы қорлар,  құнды қағаздар,  өндiрiстiк, тұтынушылық, әлеуметтiк,  мәдени және басқа бағыттағы мүліктер, зияткерлік және шығармашылық еңбек өнімдері құқықтық меншiк нысаны болып  табылады.

6.3.Қордың ақшалай қаржысы  мүшелiк жарна,  ерiктi жарналар мен қайырымдылық көмектер,  дәрiс оқу, көрме, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзу, лотореядан түсетiн түсiмдерден,  өндiрiстiк және басқа да шаруашылық қызмет, заңмен тыйым салынбайтын басқа да қызметтерден түсетiн табыстар мен түсiмдерден құралады.

6.4.Қордың құрылтайшысы берген мүлiк Қордың меншiгi болып табылады. Қордың құрылтайшысы қордың мүлкiне құқылы бола алмайды.

 

7.БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ

7.1.Қорды басқаруды Құрылтайшлардың жалпы жиналысы, Төрағасы, Қамқоршылық кеңесi жүзеге асырады.

Құрылтайшылардың жалпы жиналысы – ең жоғарғы басқару органы,  Қор қызметiнiң кез-келген мәселелері бойынша шешiм қабылдайды.  Құрылтайшылардың жалпы жиналысы қажеттiлiк бойынша жылына 1 реттен артық емес шақырылады.  Кезектен тыс жиналыс Қамқоршылық кеңесiнiң ұсынысы бойынша жедел мәселелерді шешу үшін шақырылады.

7.2. Қор Құрылтайшыларының  ерекше құзырлығына мыналар жатады:

-        Қордың құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;

-        Қорды ерiктi түрде қайта құру не жою;

-        Қордың басқару органдарының құзырлықтары, ұйымдастырушылық құрылымы, қалыптастыру және құзырлығын тоқтату  ретін  анықтау;

-       Қорды басқарудың атқарушы органдарының  қаржылық есеп беру қезеңдерi мен тәртiбiн анықтау;

        -   Қор Төрағасын сайлау және қызметiнен босату;

-       Қордың тексерушiсiн сайлау және қызметiнен босату;

-       Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарын анықтау;

-       Қор қызметiнiң бағдарламасын бекiту;

-       Қордың қамқоршылық кеңесiн сайлау;

-       Қордың қамқоршылық кеңесiнiң жұмысы туралы есептер мен сметаларын бекiту;

-       жаңа заңды тұлғаларды құру туралы шешiм қабылдайды, Қор атынан заңды құжаттарға қол қояды;

-       Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде бөлiмдер,  филиалдар мен өкiлдiктердi ашу туралы шешiм қабылдайды.

7.3.Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының мәжiлiсi құрылтайшылар мүшелерiнiң 2/3 астамының шешiмiмен құқылықты. Шешiм барлық жиналысқа қатысқан мүше-құрылтайшылардың дауысымен қабылданады.

7.4.  Қордың Төрағасы  атқарушы орган болып табылады.

7.5. Төраға Жалпы жиналысқа қатысушы құрылтайшылардың  көпшiлiк дауысымен 5 жылға сайланады.  Төраға  осы Жарғының 7.2 бабына сәйкес  Жалпы жиналыстың шешiмiмен қызметiнен босатылады.

Төраға:

-       Қордың мүлкi мен қаржысына өкiм етедi;

-       Қор қызметкерлерінің жұмысын бақылайды, шарттар (келісім-шарттары), соның ішінде еңбек шарттарын жасайды;

-       Қордың атынан сенімхатсыз өзге жеке және заңды тұлғалармен, сот және өзге де мемлекеттік, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасайды;

-       Қордың есеп айырысу және валюталық шоттарын ашады;

-       қайта сенiмхат беру құқымен  сенiмхаттар бередi;

-       Қордың барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

-       Штаттық кестенi бекiтедi;

-       Қор атынан еңбек ұжымымен шарттар жасайды.

7.6.Қамқоршылық кеңесiнiң құрамы 3 – 7 адам  мөлшерiнде жалпы жиналысқа қатысушылардың көпшiлiк дауысымен сайланады. Қордың штатты  қызметкерлерi,  олармен отбасылық және туыстық қатынастары бар адамдар Қамқоршылық кеңесiнің мүшесi бола алмайды.

     Қамқоршылық кеңесi  қажеттiлiгiне байланысты және Қордың төрағасымен үш айда бiр рет шақырылады.

     Қамқоршылық кеңесiнiң мүшелiгi ақысыз.

7.7.Қамқоршылық кеңесi:

       - Қор қызметiнiң  Жарғылық мақсаттарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;

       - Қор бағдарламалары мен жобаларының басымды тұстарын анықтайды;

       - Қор Жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жобаларын дайындайды, Құрылтайшылардың жалпы жиналысына бекiтуге ұсынады;

       - Қорды  қайта құру кезiнде комиссияны тағайындайды;

       - қызметкерлерге еңбек ақы беру ережесiн,  Қордың iшкi қызметiн реттейтiн басқа да нормативтi актiлердi қабылдайды,  еңбек ұжымымен келiсiм-шарттар жасайды,  қызметкерлердiң iшкi жұмыс тәртiбiн бекiтедi;

      - Қордың мақсатты бағдарламаларын бекiтедi;

      - Құрылтайшылардың жалпы жиналысының құзырлығына жатпайтын Қор қызметiнiң ағымдағы мәселелерін талқылайды;

      - Қор қызметкерлерінің штаттық  санын бекiтедi;

      - Қордың қаржылық қызметi туралы жыл сайынғы  есеп жобасын дайындауға қатысады.

7.8 Қамқоршылық кеңесi өз шешiмдерiн қаулы ретiнде қабылдайды,  ол Қамқоршылық кеңесi мүшелерiнiң отырысына қатысқандардың көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда  Қор төрағасының  даусы шешушi болады.

Қамқоршылық кеңесiнiң мәжiлiсi Қамқоршылық кеңесi мүшелерiнiң 2/3 астамы болғанда құқылықты. Қамқоршылық кеңесiнiң мәжiлiсiн Қордың  төрағасы   жүргiзедi.

Қажеттiлiгiне байланысты Қордың Қамқоршылық кеңесi Қор қызметiнiң бағыттарына сәйкес тұрақты немесе уақытша комиссия   құру туралы шешiм қабылдайды.

7.9.Қор тексерушiсi.

Тексерушi Қордың қаражатты пайдаланудың заңдылығын бақылауды, қаржылық-шаруашылық қызметтi бақылауды  жүзеге асырады. Тексерушi Жалпы жиналыспен 2 жылға сайланады.  Тексерушi Қордың тоқсандық баланстық есептерiнiң жобаларына  қорытынды жасайды, сонымен қатар Тексерушiнiң талабы бойынша Құрылтайшылардың жалпы жиналысы шақырылуы мүмкiн.

Қамқоршылық кеңесi Тексерушiге тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды ұсынуды қамтамасыз етедi.

Жалпы жиналыстың шешiмi бойынша қаржылық-шаруашылық қызметтi тексерудi тәуелсiз аудиторлық ұйым жүргiзуi мүмкiн.  Тексеру жүргiзудiң тәртiбi, тәуелсiз аудиторлық қызметтiң құқығы мен мiндеттерi Жалпы жиналыстың тапсырысы бойынша Қордың төрағасы  жасаған келiсiм-шарт негiзiнде анықталады.

 

8.  ЕҢБЕК  ҰЖЫМЫ

8.1.Қор өз бетiнше Қазақстан Республикасызаңнамасы талаптарын ескере отырып өзiнiң құрылымдық және қадрлық қамтамасыз ету мәселесiн,  ұйымдастырудың әдiсi мен түрiн анықтайды,  еңбектi материалды ынталандырудың тәртiбiн,  айлық жәнетарифтiкжалақының мөлшерiн анықтайды,  жұмыс қүнiнiң ұзақтығы мен  еңбекаптасын, жыл сайынғы төленетiн демалыстарберудiң тәртiбiн белгiлейдi.

8,.2.         Қордың еңбекұжымын,оның қызметiнөз еңбегiмен,  еңбекшартымен/қонтракт/ және жұмысшылардың Бiрлестiкпен еңбекқатынасын реттейтiн  басқа да түрлi құжаттар негiзiнде қатынасатын барлық азаматтар  құрайды.

8.3.Қор еңбекұжымының мүшелерiне «Еңбектуралы»заңмен қаралған еңбекжәне әлеуметтiқ-тұрмыстық жеңiлдiктер берудi,  әлеуметтiқ қорғау және әлеуметтiқ сақтандыруды кепiлдiкетедi.     

 

9.  ҚОР  ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР   МЕН  ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГIЗУ ТӘРТIБI

9.1. Қордың Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қордың жалпы жиналысындаанықталады.

9.2Жарғығаөзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы  Әдiлет  органдарын бiр айдың iшiнде  хабардар етуқерек.

10.ҚЫЗМЕТТI ТОҚТАТУ

10.1.  Қор қызметiқорды қайта құру не жою арқылы тоқтатылады.                              

10.2.  Қордыңқызметісот үкiмiнің не жалпы жиналыстыңшешiмi бойынша тоқтайды.               

10.3.  Қор қайта құрылған қезде оның құқықтары мен мiндеттерi құқық қабылдаушысына көшедi.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

10.4.        Қордың жойылуын  Жалпы жиналыс не сот үкімiмен сайланған жоюкомиссиясы жүзеге асырады.  Жоютәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

10.5.        Қордың қаржысы,  оның мүлкiн сатқаннан түскен қаржыны қосқанда,  Қор қызметкерлерініңеңбекақысымен қолданыстағы заңнамалармен көзделген өзге де төлемақылар бойынша есеп айырысып, бюджет, банк және басқа да несиешiлер алдында қарызын  өтеген соң, дәл осындай мақсаттарды немесе Қормен ұқсас мақсаттарды көздейтін ұйымдарға жіберіледі.

10.6.        Заңды тұлғаларды мемлекеттік тізілімге тиісті жазба жазылған уақыттан бастап жою аяқталды, Қор өз қызметін тоқтатты деп есептеледі.