№30 ЖОМ оқушылары қазақ тілі пәнінен "Зият" республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты.
Біздің мектептің бастауыш сынып оқушылары ПОНИ " Пифагорда қонақта ". халықаралық байқауына белсене қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері Акманаева Л. Ю., Ысқақова Р. А., Нұрғалиева Б. К., Асқарова Ж. М., Досжанова Ж. Ж., Садақбаева А. К. жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін алғыс білдіріліп, дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!
Қазақ қыздарының жүріс-тұрысына, сымбатына шолпы, шашбаудың тигізетін әсерін ашып көрсету. Шаш өсірудің тәрбиелік маңызын дәлелдеу мақсатында 1 "А" сыныбының сұлу қыздары шашбау тақты.
«Қазақ тілін оқытуда АКТ-ны қолдану мүмкіндіктерін кеңейту» атты семинар аясында оқушылардың озық ойлы, білімді, жан-жақты болуға үйрету және білімге деген қызығыушылығын арттыру, шапшаңдылыққа баулумақсатында 6 «А» сыныбында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойын өтті.Қаламыздың №6ЖОМ, №16ЖОМ, №29ЖОМ, №17ЖОМ, Жетекші жалпы орта мектептерінен әріптестеріміз келді
Мектебімізде Халықаралық әйелдер күніне арналған ауқымды іс-шара өтті. Жас ұстаздар қатысқан мерекелік іс-шара конкурс -концерт түрінде өтті.
Бүгін №30 мектебінде дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған арнайы техника және жабдықтар көрмесі өтті.
Бүгін №30 мектебінде дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған финалдық әскери-патриоттық эстафетасы өткізілді. Финалға 6 команда қатысты. Эстафета 4 кезеңнен тұрды: 1-кезең – арқанмен өрмелеу; 2-кезең – ОЗК кию; 3-кезең – өрт қолғабын жинау; 4-кезең – алғашқы медициналық көмек.
№ 25 мектепте робототехникадан "Менің роботым" деген атпен қалалық олимпиада өтті. Оған 61 команда 120-дан астам оқушы қатысты.
Мектебіміздіің 2 "А" сынып оқушылары Еркін Хафиза және Нұрлыбек Жамиля қалалық көркем гимнастикадан жүлделі орындар алды. Бүлдіршіндерімізге жеңістері көп болсын демекпіз!
Бүгін 3 "А" сыныбында математика сабағы ерекше өтті. Оқушылар ермексаздан және пластикалық таяқшалардан параллелепипед макетін жасады
"Ойзерек" республикалық білім порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауға 10 "А" сынып оқушысы Белгожанова Айгерім қатысып 1 орынға ие болды.
9 "А" сынып оқушылары Мадиярова Айгерім және Мұқыш Марал "Ойзерек" республикалық шығармашылық байқауда 1 орынға ие болып, дипломдармен марапатталды.
Балалар, жасөспірімдер, ересек шығармашылығының "Жаңа жұлдыз 2019" атты VIII Халықаралық фестиваль-байқауында мектебіміздің 2"А" сынып оқушылары екінші орынды иеленді.
"Шаңырақ" жобасы аясында қазақтың ұлттық қолөнерін, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар, ою-өрнектерін дамыту, қызығушылығын арттыру мақсатында біздің мектепте киіз үйді дайындау жоспарланған.
Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына арналған "Дауылпаз ақын - ел мақтаны" Махамбет оқулары өтті.
М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында "Жұлдыздар жарқырайды" жас астраномдардың облыстық слеті өтті.
Құс қанатындағы арман» қалалық акциясының қорытындысы бойынша «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығында акция жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.