2021 жылдың 29 сәуірінде "Жігер" БЖК МКҚК базасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Бір шаңырақ астында"атты салтанатты онлайн-концерт өтті. Концертке "Жігер"БЖК барлық бөлімшелерінен 80-нен астам тәрбиеленушілер қатысты. Концерттің мақсаты: Қазақстан халқының рухани-адамгершілік құндылықтарына сәйкес тәрбиеленушілердің азаматтық позициясын қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетін құрметтеу, өзге ұлт өкілдеріне төзімділік пен сыйластықты тәрбиелеу. Мерекелік концертті "Өркен" БЖК бишілері ашты. "Ас-соль" вокалдық ансамблі, "Болашақ" клубы әдемі костюмдерімен және әдемі музыкасымен ерекшеленді. "Балшуақ" БЖК тәрбиеленушісі Тілектес Дінмұхаммед неміс халық әнін орындаса, "Өркен" БЖК қыздары шығыс биін биледі. Концертті "Кавказ" вокалды-хореографиялық ансамблі "Салам алейкум"әнімен жалғастырды. Мерекелік іс-шара "Халықтар Достығы" квартеті "Біз қазақпыз"әнімен аяқталды. Барлық балалар өз шығармашылығымен бөлісіп, барша қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады.
«Бір шаңырақ астында».