2022 жылдың 11 наурызында "Жігер" балалар мен жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен қыз сыны «Көктем аруы – 2022» байқауы жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. Міндеттері әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқау төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең: «Сәлем- сөздің атасы» таныстыру(қатысушылар өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады)
Екінші кезең: «Сәндік өнер» (Әр қыз өздерінің қолынан тігілген ұлттық киімдері мен өнерін көрсетеді). Үшінші кезең: «Өнерлі өрге жүзер». (Қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді ). Төртінші кезең: «Анамның сүйікті асы» (Үйден дайындап келген ұлттық тағамдарын таныстырады.)
Төрелік еткен әділқазылар алқасы: "Жігер" балалар мен жасөспірімдер клубының басшысы Уйсинбаева Гульнар Кайыргельдиновна
Павлодар облыстық "НҰР-Ана әлемі" қоғамдық бірлестігінің басшысы
Максилова Бакытжамал Шахановна, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Мусажанова Раушан Аскарбековна, балалар техникалық мектебі басшысының орынбасары Байзакова Айнагуль Олжибаевна қатысушы қыздардыңөнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейде дайындалған екендіктерін сараптап отырды.Байқауға 11 қыз қатысты.Қорытынды нәтижесі бойынша Үшінші орын «Өнерлі ару» атағын "Сәлем" клубының аруы Серікболқызы Іңкәр, екінші орын «Көрікті ару» атағын алған "Жеңіс" клубының аруы Шаяхметқызы Айша, бірінші орын " Өркен" клубының аруы Исина Анель алса, бас жүлдені "Балшуақ" клубының аруы Марат Ясмин жеңіа алды. Барлық Қыз сыны «Көктем аруы – 2022» қатысушыларын құттықтаймыз. Кележатқан көктем мейрамы Наурыз мейрамы құтты болсын! Зор денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат тлейміз.