Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Этно стиліндегі ЖАЗ
22-06-2022 15:11
Этно стиліндегі ЖАЗ

 

20 маусымнан бастап «Этноауыл» жобасы бойынша балалардың жазғы демалыстағы бос уақыттарын қамту  іс-шаралары өтеді.  Бұл жобаның мақсаты – қазақ халқының ұмыт қалған салт-дәстүрлерін және тұрмысын жаңғыртып, қазақ ұлттық мәдениеті, ойындары, билері мен әндерімен таныстыру.

 Жоба шеңберінде  20 маусымда Клуб тәрбиеленушілерімен "Киіз үй орнату" және "Киіз үй жабдықтары" бойынша шеберлік-сабақтары өткізілді. Мастер-класқа қатысушылар, киіз үйдің шығу тарихы, оның түрлері, қандай материалдардан жасалады, ішкі жасауларына не қажет екендігі туралы білді, балаларға айтылған сабақтарды  іс жүзінде бекітіп, өз қолдарымен ұстап көруге мүмкіндік алды.  Балалар этноауылдың  құрылуына ерекше ынталарымен атсалысты.

Этноауылдың салтанатты ашылуы 22 маусымда өтті.  Оған «Жігер» клубының  педагогикалық ұжымының ардагерлері, барлық 16 аула  клубтарының тәрбиеленушілері шақырылды. 150-ден астам балаларға киіз үй таныстырылып, этноауылда "Тұсау кесу" дәстүрі көрсетілді,  сондай-ақ клуб тәрбиеленушілері музыкалық-би бағдарламасы көрсетілді, асық ату, арқан тарту, тоғыз құмалақ, қазақша күрес ойындары ойналды 

Жазғы демалыс бойы әртүрлі бағдарламалар өткізу көзделген:  "Қазақтың ұлттық дәстүрлері", "Қазақ ескі әндерінің кеші", "Сәндік-қолданбалы өнер", "Ұлттық киімдер дефилесі", "Сабантой", "Қыз қуу", "Бейнелеу өнері". Бағдарламаның  жоспарланған барлық түрлерімен шағын аудандағы, клуб тәрбиеленушілері және мектеп жанындағы лагерлердегі 4500-ден астам балаларды қамту жоспарланған.