Бокстан облыс чемпионаты

2022 жылғы 28 қыркүйек – 1 қазан аралығында Павлодар қаласында 2007-2008 ж. т. жасөспірімдер арасындағы бокстан облыс чемпионаты өтті.:
Біздің жеңімпаздарымыз осы жолы да «Жігер» клубына үлкен табыс әкелді, атап кетсек 1 орын-Мұратов Ілияс, Қабыкен Дарын;
2 орын - Серікбосынов Ернар, Темір Мүсірәлі;
3 орын-Құттыбаев Данияр, Қазихан Инсар, Ризабек Абылайхан.
кезекті жеңіп алған марапаттарымен құттықтаймыз, зор денсаулық, спорт аренасында табыс тілейміз. Жас боксшыларды қосымша білім беру, жоғары санатты педагогы Ертай Хайруллинұлы Жәменкенов жаттықтырады.