Павлодар қаласы білім бөлімінің күзгі демалысында оқушыларды жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жігер" балалар - жасөспірімдер клубы 2022 жылғы 1-4 қарашада "Тәртіпті жаяу жүргінші" жобасын іске асыру бойынша іс-шарасы өтті.
Мақсаты-жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыстың алдын алу. Жобаға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 7-12 жастағы оқушылары қатысады. І кезең 1 қарашада БЖК «Жігер» 10 бөлімшелерінде өтті. Барлық қатысушылар жоғары табыстылықпен және қызығушылықпен жарысып, жол ережесі бойынша тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жартылай финалға 10 мектеп өтті- № 6, 17, 21, 25, 29, 35, 37, 39, М. Әлімбаев, Р. Нұртазина атындағы жолдама алды.
4 қарашада финал «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының базасында өтті, ол «Сәлемдесу», «Жаттығу», «Ситуациялық жағдайаттар» және «Капитандар байқауынан» тұрды. «Тәртіпті жаяу жүргінші» жобасы финалының қорытындысы:
1 орын - № 39 ЖОББМ
2 орын - № 25 ЖОББМ
3 орын - №17 ЖОББМ
Жалпы осы аталмыш конкурсқа 400-ден астам оқушыны қатысты.
Жол полициясының қызметкерлері аға лейтенант Сарсенбай Жанбота бұл іс-шара мектеп оқушыларының жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы білімдері мен дағдыларын тағы да жандандырды, деп айтты.