30 қараша күні "Жігер" БЖК КМҚК, бөлімшесі"Балшуақ" балалар-жасөспірімдер клубында спорт бағытындағы әдістемелік семинар – практикумөтті: "Инновация арқылы спорттық бағыттағы үйірмелер мен секцияларда сапалы білім беру үрдісі". Семинардың мақсаты: жұмыс әдістерін жетілдіру, қосымша білім беру педагогтарының педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру, сондай-ақ, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары.
Семинар-практикум пленарлық бөлімімен басталды, онда барлық қатысушылар семинар – практикум бағдарламамен танысты. Содан кейін теориялық бөлімді келесі қосымша білім беру педагогтары көрсетті: Морозов Денис Анатольевич тақырыбы "Тимбилдинг, ұжымды қалыптастырудың тиімді құралы ретінде"; Фандюшина Евгения Владимировна «Инновациялық технологиялар жеңіл атлетика әлемінде»тақырыбында; Фатхутдинов Дамир Равильевич Қазақстан Республикасында муайтайдың даму тарихын айтты; Хасанов Ренат Фердинандович спорт және дене тәрбиесіндегі өскелең ұрпақты тәрбиелеу инновациялық технологияларын көрсетті
Тәжірибелік бөлігінде педагогтар екі секцияға бөлінді: 1-секцияда бокстан және муайтайдан өз практикалық білімдерін Сүлейменов Бексұлтан Зейноллаұлы және Ракишев Жандос Сейткенович көрсетті, 2 секцияда – Кусаинов Кайса Кабдул-Окапович қазақша күрес секциясы бойынша және Галенза Сергей Владимирович жетілдіру, өзін-өзі қорғау және шабуыл тәсілдері мен әдістерін көрсетті.
Семинар-практикум қосымша білім беру педагогтары Минин Олег Константинович пен Никитин Владислав Николаевичтің сахналық көрсетілімімен аяқталды.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.