Павлодар қаласының білім бөлімінің "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубы Балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп 2023 жылғы 25 қаңтарда Павлодар облысымыздың 85 жылдығына арналған "Туған жерім-алтын бесігім" ақпараттық – дайджест өткізілді. Іс - шараға Павлодар қаласының № 39 ЖОББМ 7-8 сыныптарынан 50-ден астам бала қатысты.
Іс-шараның қатысушыларыға 1938 жылдан бері өз тарихын жүргізіп келе жатқан облыс шежіресі ұсынылды, облыстың қалыптасу және даму тарихы туралы айтылды. Фотосуреттер 30-90 жылдар аралығында көрсетілді. Қазіргі уақытта Павлодар облысы туралы ақпараттық-дайджест мәлімет берілді.
Облысымыздың мерейтойына арналған Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстары көрме ретінде ұйымдастырылды. Экспозицияда Павлодар мен Ертіс өңірінің әр түкпіріндегі балалардың суреттері - жылдың әр мезгіліндегі Ертістің жарқын суреттері, Баянауыл және дала пейзаждары, Железин ауданының әдемі қайың тоғайлары және жағалаудың танымал көріністері ұсынылған.
Аталмыш іс шара барлық көрермендердің көңілінен шыққаны мәлім, себебі әр жаңалықты сонымен қатар айтылған әуінді тамашалап отырды. Бұл іс шара жас өспірімдердің естерінде қалады деп сенімдеміз.