30 наурыз күні "Жігер" балалар жасөспірімдер клубында «Әкеге қарап ұл өседі, Шешеге қарап қыз өседі, Балапан ұяда не көрсе-ұшқанда соны іледі » атты қазақ ұлттық қолөнер шеберлік сабағы болды. Бұл шеберлік сабағымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. Киіз басу.
2. Тақия жасау
3. Ұлттық әшекей дайындау.
4. Ұлттық оюлар жасау.
5. Құрақ құрау.
Бұл шеберлік сабақ, қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Өнер туралы сөз ететін болсақ, алдымен халқымыздың дәстүрлі қолөнері ойға оралады. Әрине бұл айтпаса да түсінікті. Халқымыздың қолөнері қолөнері ұлттық шығармаларымыздың ең жоғарғы формасы болып табылыды.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дегендей. Шеберлік сабаққа қалмыздың 15 тен астам мектептері қатысты. Атап өтетін болсақ, өте белсенді қатысқан 1, 28, 2, 35, 46,25, 7, 22, 15, 24, 14, 16, 37. Аталмыш мереке ойдағыдай өтті, барлығының көңілінен шықты.