2023 жылғы 5 мамырда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» негізінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Отан деп соққан жүректер» атты әскери-спорттық ойынын өткізді. Аталған іс-шараға балалар мен жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері, барлығы 150 адам қатысты.
Балалар үшін келесідей гарнизондар ұйымдастырылды:
1. Солтүстік – көк гарнизон;
2. Оңтүстік – қызыл гарнизон;
3. Шығыс – Жасыл гарнизон;
4. Батыс – сары гарнизон.
Капитан өз командасын сканерленген QR кодына сәйкес белгілі бір бағытта жүргізді. Әр гарнизонда балалар "Мина алаңы", "Кедергілер жолағы", "Тікенді сым", "Құтқарушы" сияқты кедергілерден өтуі тиіс болды.
Әскери-спорттық ойын қорытындысы бойынша барлық тәрбиеленушілер "Үздік мерген", "Үздік сапер", "Үздік барлаушы", "Үздік құтқарушы" номинацияларын алды.
- Бұл ойын салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды, командадағы тәрбиеленушілердің бірлігін көрсетті, спорттық рухты көтерді, - деп атап өтті "Сауран" балалар-жасөспірімдер клубының меңгерушісі Сыздықова Әсем Қабдоллақызы.