1 маусымында Төменгі Жағалауда Балаларды Қорғау Күніне арналған "Ertis Bala Fest" фестивалі өтті.
2023 жылдың 1 маусымында Төменгі Жағалауда Балаларды Қорғау Күніне арналған "Ertis Bala Fest" фестивалі өтті. "Жігер" БЖК КМҚК барлық ұжымы осы іс-шараны ұйымдастыруға жұмылдырылды. Төменгі жағалаудағы арканың бір бөлігі өз қолдарымен жасалған көгершіндермен безендірілді. "Жігер" БЖК тәрбиеленушілері асфальтқа бормен 3 Д суреттер салды . Біздің педагогтар Эльф, Ертегі әңгімелуші, Миньон, Чебурашка, Мики маус және т.б. қуыршақтардың рөлін атқарып балалармен Тик Токтағы билерді билеп, ойындар ойнады. Сондай-ақ, балалардың суреттері қойылған "Шекарасыз балалық шақ" жедел фото аймағы ұйымдастырылды.
Барлық балаларөткенфестивальге риза болды