2023 жылғы 31 мамырдан 2 маусымға дейін Р.Г. Вахитов атындағы ПМУ бокс залында Павлодар өңірінің бокс ардагерлерін еске алу және балаларды қорғау күніне арналған 2008-2009 ж.және 2011-2012ж. туылған жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтті. Турнирге Павлодар облысының түкпір-түкпірінен 128 спортшы қатысты. "Жігер" БЖК намысын "Алаш" бокс секциясының алты тәрбиеленушісі қорғады.
Алтын медальдарды Баймұрат Сұлтан және Темір Мүсірәлі жеңіп алды;
Серікбосынов Ернар мен Мақсат Арман күміс медальдарын иеленді;
Қабыш Нұрсұлтан мен Жақыпов Дамир қола медальдарға ие болды.
Бапкердің айтуынша, алғашқы күннен бастап турнирдің айқын фавориттеріне енген Темір Мүсірәлі мен Баймұрат Сұлтан жекпе-жегінде ерекше көзге түсті.
Жаттықтырушы Ертай Хайруллинұлы Жәменкенов.