Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: ул. Академика Чокина 32/2
вахта: 65-43-22 бухгалтерия: 65-34-32 приемная: 65-43-20 методический кабинет: 65-43-21
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Личный прием граждан . Вторник, с 16-00 до 18-00 часов Среда, с 10-00 до 12-00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Павлодар-Қазақстан" телеарнасында «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты телешоу өтті
27-05-2011 10:29

 Тақырып: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

          Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі ойынның аты «Тапқыр болсаң, тауып көр». Бұл ойынның мақсаты балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Ойынға қатысушылар 2 топқа бөлінген, 1 – ші итоптың аты – «Бәйшешек», 2 – ші топтың аты – «Балапан».

           Ойынның ережелері:

 Әр дұрыс айтылған жауапқа 1 үшбұрыш беріледі де, ойынның соңында ол үшбұрыштар есептеліп, жүлделі орынға ие болған топты анықтаймыз. Ойыншылардан басқа бізде жанкүйерлер де бар, олар да ойын барысында өз тапсырмаларын алады.

 Мақсаты: Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Тілді үйрету, оқыту оқушының қарым – қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады. Қазақ тілі – сөз өнері, сөйлеу үлгісі арқылы оқушының сезіміне, ақыл – ойына әсер етеді. Қазақ халқының тіліне, салт – дәстүріне, тарихына, мәдениетіне, тұрмыс – тіршілігіне, рухани қасиеттеріне құрмет сезімін оятады. Білім беру жүйесінің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, өз халықының тарихын жетік білетін, ұлттық асыл қасиеттерді меңгергент дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.

 Тапқырлық, шешендік, ойлылық, имандылық, кішіпейілділік, әдептілік секілді халқымыздың асыл қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіруде ең алдымен тіл мен әдебиетке жүгінеріміз анық. Өйткені тіл мен әдебиет өмірдің айнысы. Осы тұрғыдан келгенде біздің міндетіміз балалардың сезімдерін, ойларын, ойлау мәндерін жетілдіре түсу. Осыған байланысты бүгінгі теле шоу ойынна «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының мүшелері қатысып отыр. Бұл теле шоу білекті бірді жығады, ал білімді мыңды жығады деген мақал айналасында болғалы отыр. Тапсырмаларымызды жұмбақтан бастамақпыз. Жұмбақ халық шығармаларының ең ескі түрі және барлық жұрттың ауыз әдебиетіне ортақ. Қай кезді алсақ та, жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған, ал жұмбақ айтысу баланың логикалық ой өрісін дамытады.

 1 тапсырма жұмбақтарды шешу.

          Ең алдымен әр топтың жанкүйерлері түтін туралы жұмбақтарды еске түсірсін.

          Ал сайыскерлерге мынадай жұмбақтарды бермекпіз.

  1. Таңертең төрт аяқпен, түсте екі аяқпен, кешке үш аяқпен жүреді (кәрілік еңбектең жастық)
  2. Біреудің бір ұлы бар және қызы. Біледі ол екеуін дүние жүзі. Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, жүргенде білімбейді басқан ізі (күн мен ай)
  3. Үй үстінде ұсақ тас (жұлдыздар)
  4. Жылт, жылт еткен жырадан өткен (су)
  5. Төрт бала бірін – бірі қуалайды (арбаның дөнгелегі)
  6. Белі бүкір алысқа түкір (мылтық)
  7. Бір нәрсе білмегенді білгізеді. Өзінді тұрсаң қарап күлгізеді. Жалғанда әңгімесі сондай қызық. Жаныңда тыңдай бірсең кіргізеді (кітап)
  8. Екі басы жұдырықтай ортасы қылдырықтай (құмырсқа)
  9. Екі бала қатар тұрса да, бірін – бірі көрмейді (көз)
  10. Еңкейсем еңкейеді, шалқайсам, шалқаяды (көленке)

(Енді жанкүйерлердің жұмбақтарын тындайық, содан кейін ұпай санын шығарайық).

 

2 тапсырма.

          Енді еске түсіретініміз қазақтың мақал – мәтелдері. Мақал – мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал – мәтелдерден халықтың ақыл – ойы, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар келелі ой, кең мазмұнды бір – ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі.

Жанкүйерлер достық, дос туралы мақалдарды естеріне түсірсің.

 

  1. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіне мақтар.
  2. Дос жылытып, дұшпан күлдіріп айтады.
  3. Доссыз адам, тұзсыз тағам.
  4. Досқа ауырлығынды салма, достан ешқашан қарыз алма.
  5. Досы көпті, жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

 

Ал сендер мақалдарды аяқтандар.

 

  1. Отанға опасыздық еткенің...
  2. Тоқсан ауыз сөздің...
  3. Бір аяқ қымыздың...
  4. 30 – да орда бұзбаса...
  5. Алтау ала болса...

Төртеу түгел болса...

  1. Өнер алды...
  2. Ана тілі ой өсіреді...
  3. Шешенің тілі...
  4. Отансыз адам...

 

3 – тапсырма

 

          Келесі тапсырмамыз өнеріміздің бір түрі халық әндеріне арналады. Ән халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі, ән – қөңілдің ажары демекші кішкене болса да көңілімізді көтеріп, хылық әңдерін есімізге түсірсің.

 

  1. Қайық 3. Анашым 5. Балапан 7. Құстар
  2. Отан 4. Бәйтерек 6. Қошақан 8. Кілем

 

4 – тапсырма

 

          Өзіміздің туған жеріміз Павлодар өңірінен талай – талай атақты адамдар шыққан оның ішінде күміс көмей жез тандай Майра апамыз, 1 – ші академик Қаныш Сатбаев, қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлғалардың бірі Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайгыров, жазушы Диқан Әбілов, артист Шәкен Айманов және т.б. Қазір әр топтың бір мүшесі шығып, үстел үстінен бір атақты адамды тандап алады.

1 – топ

2 – топ

          Осымен ойынымыз аяқталды. Қазір біз үшбұрыштарды санап, жүлделі орынға кім ие болғанын айтайық. Үшбұрыштарды санай келе, 2 топтың да үшбұрыштарының саны бірдей екеніне көзіміз жетіп, достық жеңгенін сендерге хабарлаймыз. Ал, балалар, қатысқандарына көп рахмет. Келесі ойында кездескенше, қош сау болыңдар.