2023 жылдың 14 маусымында қалалық мәдениет және демалыс саябағында "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубы "Ойын алаңы" өткізді. Оның негізгі мақсаты үстел ойындары арқылы мемлекеттік тілді үйрену болды.
Іс-шараға 10-12 жас аралығындағы мектеп жанындағы лагерьлерден 1700-ден астам бала қатысты. Қатысушылар әртүрлі ойындарда өз күштерін сынап көрді, балалар барлық ұсынылған тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен және бар ынталарымен орындады.
Үстел ойындары - тіл үйренудің, сөздік қорын толықтырудың, эрудицияны дамытудың, логикалық ойлауды жақсартудың тамаша тәсілі, сонымен қатар бос уақытты көңілді өткізудің жақсы әдісі. Ал ең бастысы, үстел ойындары - қызу талқылай отырып, бетпе-бет тілдесу. Мұндай ойындардың кез-келгені қызықты ойын-сауық, толқу, жарқын эмоциялар береді.
Атмосфера өте жайлы, мейірімді болды. Іс-шара барысында педагогтар тарапынан ізгі ниет, ашықтық, өзара түсіністік, ұқыптылық, балалардың тапсырмаларды орындауға деген шынайы қызығушылығы, белсенділігі мен