Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жігер" балалар-жасөспірімдер клубы, қазақ жерінде тұратын әр ұлт өкілдері, ұлттық тағамдарының фестивалі өтті.
22-06-2023 11:08
«Жігер

2023 жылдың 22 маусым күні «Жігер" балалар-жасөспірімдер клубы, қазақ  жерінде тұратын әр ұлт өкілдері,  ұлттық  тағамдарының фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты: тағам әзірлегенде шығармашылықпен орындауға, аспаздық қасиеттерін,   есте сақтау дағдыларын дамыту. Әр ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін ескеруге , мәдениетін ,салт-дәстүрін  құрметтеуге  тәрбиелеу.
  Белгілі бір ұлтқа ғана тән аспаздық тәсілмен ұлттық тағамдар дайындау өнері қай   халықта да бар. Бір ұлттың аспаздық шеберлігі екінші бір ұлттың   аспаздық шеберлігіне әрқашан игі  әсерін тигізіп отырады, әйтсе де өзінің ұлттық  ерекшелігін де ешқашан жоймақ емес.  Тағамның дәмінен басқа оның сыртқы  түрі де өте маңызды.
"Әлем халықтарының ұлттық тағамдары" іс-шарасына  қаламыздың барлық мектептері қатысты. Әр бір мектеп өздерінің ұлттық тағамдарын әділқазылар алқасына таныстырды. Сондай-ақ, таныстыру кезінде ерекше сахналық көрініспен таныстырған мектептерде болды. 
   Іс -шара соңында, әр бір мектеп номинация бойынша марапатталды.
Тәшенов атындағы орта мектеп үздік атанды
«Ұлттық тағымның ең үздік танытуы» номинациясы бойынша, №4 орта мектеп
«Ұлттық тағымның ең əдемі безендіруі» номинациясы бойынша, №17 орта мектеп
«Ұлттық тағымның ең ерекше атауы» номинациясы бойынша, №6 орта мектеп
Байтұрсынов атындағы орта мектеп «Ұлттық тағымның рецептінің шығым туралы ең қызықты аңыз» номинациясы бойынша,
«Ұлттық бояу», номинациясы бойынша №15 орта мектеп
«Ежелгі тағдырлардың жаңаша түрі» номинациясы бойынша, №46 орта мектеп
«Бүкіл отбасы үшін тағдырлар» номинациясы бойынша,
Малайсары батыр атындағы орта мектеп
«Экзотикалық тағым» номинациясы бойынша, №35 орта мектеп
«Ен төлейтін тағдыр» номинациясы бойынша, №7 орта мектеп
Әлімбаев атындағы орта мектебінің «Ең жақсы мерекелік ұлттық тағамдар» номинациясы бойынша.
Фестивальге қатысушыларға дастархан жайылып, шәй мен бауырсақтан дәм татты. Бұл іс-шара фестивалі, қатысушыларға, әр ұлттың өзіндік ерекше ұлттық тағамдары мен танысып, дәм татып, бір - бірімен танысып, ара қатынастарының жігін нығайта түсті. "Жігер" балалар - жасөспірімдер клубы, келген қонақтарға ақ дастархан жайып, оқушыларға дәмді ыстық бауырсақ таратты. Бұл іс-шараға көрермен болып келген қонақтарымызбен, қатысушы оқушыларымызға өте ерекше шынайы көңіл-күй сыйлады.