Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Этно-стильдегі селфи"
01-07-2023 14:23

Бүгін "Жігер" БЖК КМҚК ауласында этно-селфи іс-шарасы өтті.

 Аталған іс-шараға қаламыздың тұрғындары, қонақтары, сондай-ақ тәрбиеленушілеріміз шақырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты: қазақ қонақжайлығымен, құндылықтарымен таныстыруды жалғастыру, қазақ халқының ыдыс-аяқтарының, жиһаздарының түрлері мен  оның тұрмыста қолданылуы туралы ұғымды қалыптастыру, сондай-ақ киіз үйдің безендірілуінде тұрған ұлттық ыдыс-аяқтар аясында этно-селфи жасау болып табылады.

         Қатысушылар өздерін суретке түсіріп қана қоймай, әр ұлттық безендірудің жанында жақындарымен әдемі фотоларға түсті. Селфи фотосуреттері жарқын және әдемі болып шықты, олар біздің келушілеріміздің есінде ұзақ сақталады.

Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік  мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Біз де қонақтарымызға шаңырағыңыз биік болсын керегеңіз кең,  түндігіңіз түтінді болсын, қос босағаңыз берік болсын! – деп тілейміз.