2023 жыладың 5 шілдесінде “Жігер” балалар-жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен Астана күніне орай велошеру өткізілді. Аталған шара қалалық жағалауда өтті. Шерудің мақсаты-велосипед тебуді, белсенді демалу және денсаулықты нығайту, экологиялық таза көлік құралы және жол қозғалысы қауіпсіздігі құралы ретінде насихаттау. Шеруге 150-ден астам қала мектептерінің 9-12 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Сергектікті жанына серік еткен жастардың саны артып келе жатқаны көңіл қуантады.
Рухы мен денсаулығы мықты ұлт қалыптастыру үшін осындай игі шаралар өткізіле берсін, – деп “Жігер” балалар-жасөспірімдер клубының жетекшісі Г. Қайыргелдіқызы салтанатты шараға ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ, қала жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шеру соғында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Астана күніне орай велошеру өтті