Әр ұлттық ойынның өзіндік ерекшелігі бар, әдеттегі жаттығулардан өзінің моделімен, эстетикасымен, адамгершілігімен, интеллектуалдылығымен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта халық ойындарын пайдалана отырып оқыту мен тәрбиелеу өскелең ұрпақты патриоттық және интернационалдық тәрбиелеуге кең мүмкіндіктер береді.
Ал бүгін М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының аумағында "Балалық шақ арбаты" өтті. Аталған іс-шараға №19, №27, №93 балабақшалардың аға топтарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ № 7, 11, 34, 43 ЖОМ, М.Жүсіп, А. Байтұрсынов атындағы мектептерінің оқушылары мен БЖҚ «Жігер» тәрбиеленушілері шақырылды. Жоспарланған кесте бойынша барлық қатысушылар канталапай, тарту, белдесу, қолкүрес, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарға белсенді қатысты. Біздің қосымша білім беру педагогтарымыз мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен ойнай отырып, ұлттық ойындарды қолжетімді және көңілді түсіндіріп, сонымен бірге әрбір ойынның құндылығы мен маңыздылығын түсіндіре алды.