Ниткография техникасында "Ұлттық мотивтер" атты панно жасалды
"Жігер" балалар-жасөспірімдер клубының "Өркен" бөлімшесінде ата-аналармен жұмыс апталығы өтті. Ниткография техникасында "Ұлттық мотивтер" атты панно жасалды. Бұл жұмыстың мақсаты- ата-аналарды балалармен бірлесіп жұмыс істеуге тарту, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілеттерді, қиялды дамыту, интерьерді безендіру үшін өз қолыңызбен қабырғаға ілінетін панно жасау.
Шығармашылық ұжымдық жұмыс барысында қызығушылық, тапқырлық, көтеріңкі көңіл-күй пайда болды, барлығы мақсатты және шапшаң панно жасауға шығармашылық тұрғыдан барын салып жұмысқа кірісті. Тағы бір әдемі қолөнер бұйымы біздің клубтың галереясын толықтырды.