Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
“БАТЫРҒА ОҢЫ ДА, СОЛЫ ДА БІР”
13-11-2023 11:40
“БАТЫРҒА ОҢЫ ДА, СОЛЫ ДА БІР”

Біздің жекпе-жекшілер ACAD тұжырымы бойынша Ақмола облысының Степногорск қаласында өткен панкратионнан республикалық чемпионаттан ҮШ чемпиондық белдік жеңіп алып келді.

“ACAD OPEN-2023” турниріне еліміздің әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысты. Бұл додада Павлодар облысының намысын “ABYLAI” және “Өркен” спорт клубының жекпе-жекшілері қорғады.

Жекпе-жек пен панкратион қоян-қолтық төбелес түрі болса да, екеуінің ережесі бөлек. Соған қарамастан, біздің жігіттер бұл жарыста да атой салып келді. Степногорскқа ат арытып барған батырларымыздың барлығы дерлік жеңіс тұғырынан көрінді.

Чемпионат нәтижесі бойынша павлодарлық жекпе-жекшілердің еншісінде 3 алтын (чемпиондық белдік), 6 күміс, 2 қола жүлде бар.

Атап айтсақ, ағайынды Ислам, Ильхан Сыздықовтар мен Илья Дробашко чемпион атанды. Ал Диас Нұрланов, Ризабек Манабаев, Карим Маденов, Хамза Марат, Расул Қайыргелді мен Руслан Клинг екінші орынды қанжығалады. Райан Айтмұхамбет пен Мойылды ауылындағы “Тұлпар” спорт клубының тәрбиеленушісі Бахтияр Билялов қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, “ACAD OPEN-2023” республикалық турнирінде Павлодар облысы Жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының вице-президенті Нұрлан Әбетжанов пен федерациямыздың бас ьапкері Алтынбек Рщанов төрелік еткенін атап өткен жөн.