Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жаңа жылдың хикаясы" атты қайырымдылық жаңа жылдық қойылым
27-12-2023 10:34

2023 жылғы 26 желтоқсанда "Жігер" БЖК негізінде балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығындағы (дағдарыс орталығы) балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық қойылым өтті. Іс-шараға  ертегі кейіпкерлері , Аяз Ата, Ақшақар, сүйікті мультфильм кейіпкерлері Көк трактор, Олаф, кетіп бара жатқан және жаңа жылдың  символдары қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аяз Ата мен Ақшақар барлық қонақтарды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтады, шыршаның айналасында айналып әндер айтылды,ойындар  ойнатылды және билер биледі. «Аяз Атаның шеберханасы» атты шеберлік сабағы өткізілді

Балаларға арналған жаңа жыл - ең әдемі, ең жұмбақ және сиқырлы мереке! Балалар оны асыға күтеді. Олар үшін жаңа жылдық сыйлықтар мен тосынсыйлар - ертегі мен сиқырға сенудің, жағымды эмоциялар алудың тағы бір себебі.

Қаланың кәсіпкерлері мереке сиқыршылары болды: «City Centre» СҮ, «Кренделия» ЖШС, «Айгеримм» ЖШС  фирмасы, «Мода Стиль» ерлер киімі дүкені. Полиция басқармасының қызметкерлері балалар трансферін ұйымдастырды.

Мереке көңілді және өте қызықты өтті. Балалар көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер алды.