Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қысқы шабыт» атты қысқы көрмеге есеп
05-01-2024 17:28
«Қысқы шабыт» атты қысқы көрмеге есеп

5 қаңтар 2024 жылы «Жігер» балалар жасөспірімдер клубтарының  оқушылары арасында "Қысқы шабыт" атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты: Оқушылардың шығармашылық жұмысын дәріптеу.

Мұндай іс-шаралар балаларға өздерінің шығармашылық әлеуетін білдіруге және өз таланттарын көрсетуге ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемге мейірімді және адами көзқарасты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қолөнер жасау және істеу процесінде балалар қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекеттен жағымды эмоцияларды сезінеді.

Осы көрмеге 55 оқушының жұмыстары қабылданды.  Әділ - қазылар алқасының шешімі бойынша 3 жас аралық категория бойынша, оның ішінде  5-6 жас, 7-9 жас, 10-14 жас аралықтарындағы балалардың жұмыстары  сынға түсті.

5 -6жас аралығында, 2 бала қатысып, 1 – орынға Журсун Ислана, «Өркен» клубы. 2- орынды Лавская Ева, «Айналайын» клубының тәрбиеленушісі иеленді.

7-9жас аралығында, 33 тәрбиеленушілердің жұмыстары сыналды.

1-орын Невидновская Виктория «Рақым» клубының тәрбиеленушісі иеленсе, 2- орынды «Сәлем» клубының тәрбиеленушісі Досымбек Ақмарал  иеленді.

3- орын Әбулахат Айзере «Дос» клубының тәрбиеленушісі  мен «Айналайын» клубының тәрбиеленушісі Сарсебек Ансар иеленді.

10-14жас аралығында 20  тәрбиеленушілердің жұмыстары қатысты.

1-орын Демьянова Дарья «Эмералд» клубының тәрбиеленушісі иеленсе,                        2- орынды «Дос» клубының тәрбиеленушісі Аннажарова Арай иеленді.

3- орын Худорожка Арина «Рақым» клубының тәрбиеленушісі  иеленді.  Барлық жеңімпаздар мадақтамамен марапатталды.