Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыру жүйесін тиімді ұйымдастыру, үйлестіру, басқару үшін жағдайлар жасау» әдістемелік отырыс өтті
30-01-2024 14:21
«Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыру жүйесін тиімді ұйымдастыру, үйлестіру, басқару үшін жағдайлар жасау»  әдістемелік отырыс өтті

Бүгін "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубында "Сауран" бөлімшесінде «Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыру жүйесін тиімді ұйымдастыру, үйлестіру, басқару үшін жағдайлар жасау» тақырыбында кезекті әдістемелік кеңес өтті

    Іс-шараның мақсаты білім беру мекемесінің әдістемелік жұмысының икемділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қосымша білім беру педагогінің, үйірме қызметі жетекшісінің кәсіби қасиеттерін қалыптастыру, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.     Токқожин Азамат Оразгелдіұлы қазақ күресін оқытудағы тамаша нәтижелерге қол жеткізуге жақсы әсер ететін тиімді әдістер мен тәсілдер туралы айтып берді.

    Минин Олег Константинович каратэ до шотокан сабақтары кезінде тыныс алу әдістемесінің маңыздылығы туралы, бұл дем алу гимнастикасы адам ағзасына қалай әсер ететіндігін және оның пайдалы жақтарын айтты.

    Морозов Денис Анатольевич "Азат" клубының меңгерушісі педагогикалық және балалар ұжымшылдығын қалыптастыруға өте жағымды орын алатын қызықты тимбилдингтік ойындар өткізді.       

     Ұйымдастырылған әдістемелік кеңес оқыту процесінде белгілі бір ұғымдарды, дағдыларды пысықтауға уақытты үнемдеуге, "қысқартуға" үйретуге көмектесті; білім алушының жеке басын оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті кәсіби қасиеттерді дамыту бойынша жұмыста мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеуін жандандыруға ықпал етеді.