Заманауи білім берудің көпмәдени қызметі жағдайында жеке тұлғаны патриоттық тәрбиелеу" қалалық семинары өтті.
31 қаңтар күні "Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі" КММ-де қосымша білім беру педагогтерінің "Заманауи білім берудің көпмәдени қызметі жағдайында жеке тұлғаны патриоттық тәрбиелеу" қалалық семинары өтті. "Жігер" БЖК КМҚК атынан Сәбитова Бибігүл Төлегенқызы баяндама жасады. Баяндаманың тақырыбы "Ойындар, балалар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие берудің бір түрі ретінде", сөз сөйлеу барысында Жігер БЖК педагогтері балалармен қала мектептері мен клубтарында ойнаған ойындар көрсетілді. Әрі қарай, семинардың барлық қатысушылары түрлі бағыттар бойынша шеберлік сабақтарынан өтті. Барлық спикерлерге сертификаттар табысталды.