Еріктілер қозғалысы бағдарламасын іске асыру аясында "Жігер" БЖК педагогтері мен тәрбиеленушілері Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеде тұратындарға қайырымдылық концертін өткізді. Іс-шара 31 қаңтарда қарттар үйінің акт залында өтті. Концерт алдында әжелер мен аталар сәндік үстел төсеніштерін жасау бойынша шеберлік сабағына қатысты. Концерттің салтанатты ашылуы "Жігер" БЖК домбыра ансамблінің сүйемелдеуімен өтті. Жас әртістер өткен жылдардағы әндерді шырқады, ал би ансамбльдері көрермендерді бей-жай қалдырмады. Концерт қатысушыларының арқасында аға буын жастық шағын есіне алды, олар белсенді ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Іс-шара соңында балалар көрермендерге тәттілер таратты. Мекеме әкімшілігіне алғысымызды білдіргіміз келеді және мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз
Жүректен жүрекке