Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Барлық тіршіліктің тірегі - ана»
06-03-2024 18:28
«Барлық тіршіліктің тірегі - ана»

2024 жылдың 5 наурызында С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай білім беру ұйымдарының оқытушылары мен кітапхана жүйесінің қызметкерлері арасында «Барлық тіршіліктің тірегі - ана» атты жыл сайынғы мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Мақсаты: педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру арқылы қоғамдағы рухани, патриоттық, рухани көркемдік дамудың басымдықтарын бекіту.

Іс-шараны қазылар алқасы бағалады, олардың құрамында:

1. Филология ғылымдарының кандидаты, ПМПУ оқытушы-зерттеушісі Омаров Нұрлан Рамазанұлы.

2. Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Торайгыров университетінің аға оқытушысы Қожахметова Баянгүл Рамазанқызы

3. Еңбек сіңірген білім беру педагогы, Жігер балалар-жасөспірімдер клубының еңбек ардагері Темірбекова Тоғжан Қайыржанқызы

4. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Республикалық журналистер байқауының лауреаты, «Серебряные струны» авторлық әндер клубының үйлестірушісі Бевз Людмила Николаевна.

Конкурстың нәтижелері: Бас жүлде - Жерғасынова Жанар Есенқызы, "Жігер" БЖК КМҚК қосымша білім беру пәнінің мұғалімі

1 орын – Сәбитова Айнагүл Төлегенқызы,.Әлімбаев атындағы ЖОББМ

2 место – Сәкен Ботакөз, №40 ЖОББМ

2 орын – Кенжигалиева Ботагөз Қабдылсағитқызы - №4 балалар кітапханасы

3 орын – Ташенова Махаббат Сагындыковна, Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ

3 орын – Жұманова Әсем Мұратқызы, №2 ЖОББМ;

Көрермендер көзайымы жүлдесі – Тлектес Айзат Кармисовна, Нұртазина атындағы ЖОББМ..

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз, шығармашылық табыстар, көктемгі көңіл-күй мен жеңістер тілейміз.