Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық “Ақ шағала” хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық кезеңі өтті.
06-03-2024 18:28
Республикалық  “Ақ шағала” хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық кезеңі өтті.

6 наурыз 2024 жылы  Аманжол Шамкенов атындағы гимназиясында, “Жігер” балалар-жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен, Республикалық  “Ақ шағала” хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық кезеңі өтті.

Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Фестиваль-байқаудың міндеттері:

1) білім алушыларды хореографиялық өнерге, тарихи мұраға тарту, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру;

2) Би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу;

3) балалардың бойында ұлттық мәдениетке, халық дәстүрлеріне патриотизм, құрмет және ұқыпты қарау сезімдерін тәрбиелеу;

4) шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ақпараттық қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибелерімен алмасу.

Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі және Гран -при дипломдармен, жеңімпаздарды марапаттады. Гран -приді қаламыздың 25 орта мектебі алса, I орын қаламыздың 29 мектебі, II орын 43 мектеп, III орынды, қаламыздың қосымша білім беру орталығының балалар-жасөспірімдер клубы “Эмералд” пен қаламыздың 36, 27 мектептері алды. Барлық жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!