2024 жылдың 22 қыркүйегінде Астана қаласында "Unistar Astana" 30-шы Халықаралық көп жанрлы байқауы өтті, онда "Айналайын" би үйірмесінің тәрбиеленушілері түрлі қалалардан келген 30 ұжыммен жарысты . Би ұжымы "заманауи хореография" (15-18 жас )және "дуэт"(15-18 жас) санаттарында екі би композициясын ұсынды, қорытынды бойынша Аурика музыкасы мен Алимова Анельдің орындауында "Позови меня с собой" қойылымы Гран-при және "Кішкене махаббат сыйла" хореографиялық қойылымы құрметті бірінші орынға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша лауреаттар қазылар алқасы мен көрермендерден жоғары баға алды, сондай-ақ жеңімпаздар кубогі, медальдар мен грамоталар алды. Үйірме жетекшісі Сакиева Зарина Ерланқызы халықаралық конкурс лауреаттарын дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталып, халықаралық деңгейдегі конкурстарға шақырту алды. Шың жүректен құттықтаймыз. Жарайсыңдар!

