2024 жылдың 23 қазанында Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің акт залында Павлодар қаласы білім беру бөлімі және «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында «Ақындар айтысы» байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау.
Байқаудың міндеттері:
Балалар мен жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, поэтикалық, орындаушылық және вокалдық дағдыларды қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қазақ тілінің рөлін арттыру, халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу.
Байқауға қаламыздың жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Ақындар айтысында әділ бағаларын берген: Серік Тоқай, журналист, «Сәлем» балалар-жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогі;
Жакупова Гульнар Анатольевна, «Айналайын» балалар-жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогі;
Кәрібай Нұрбек Бәкірұлы, облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері, облыстық «Ақынның сыйлығынан-сөзі қымбат» атты Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған айтыстың «Бас жүлде иегері».
Байқаудың нәтижесі:
3 орын: Асқат Кәусар, Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебі.
2 орын:Кашитов Алихан, № 32 жалпы орта білім беру мектебі.
1 орын: Жанасил Мейіржан, Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру мектебі.
Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.