Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Жігер қуаты» тимбилдинг
05-06-2025 15:59
«Жігер қуаты» тимбилдинг

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Жігер Vibe» жазғы жобасы аясында 3 маусым күні Қалалық мәдениет саябағында Павлодар қаласының мектеп оқушыларына арналған «Жігер қуаты» тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында командалық рухты, көшбасшылық қабілеттерді және ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Қатысушылар үйлесімді әрекет етуді, өзара қолдауды және креативті ойлауды талап ететін түрлі спорттық және танымдық тапсырмаларды орындады.

Аталған тимбилдинг оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, бастамашыл және ынтымақтастыққа бейім жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Іс-шараға Павлодар қаласының 30 мектебінен 200-ден астам оқушы қатысты.