«Жігер – LIVE: жаз қозғалыста!» жазғы жобасы аясында Павлодар қаласында «Киіз үй – бабалар мұрасы» атты киіз үй макеттерінің байқауы өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының 20-дан астам жалпы білім беру мектебінен 70-тен астам оқушы қатысты. Қатысушылар қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін, дәстүрлерін бейнелейтін ерекше әрі шығармашылықпен орындалған киіз үй макеттерін ұсынды. Барлық жұмыстар креативтілігімен, ұқыпты орындалуымен және терең мазмұнмен ерекшеленді. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады: • Гран-при иегерлері: Малайсары батыр ат. ЖОББМ, №43 ЖОББМ; • І орын:№41 ЖОББМ, №46 ЖОББМ, А. Бөкейхан ЖОББМ, М. Әлімбаев ат. ЖОББМ; • ІІ орын:№5 ЖОББМ, №25 ЖОББМ, №14 ЖОББМ, №15 ЖОББМ, Б. Момышұлы ат. ЖОББМ, Ж. Тәшенев ат. ЖОББМ; • ІІІ орын: №32 ЖОББМ, №7 ЖОББМ, №29 ЖОББМ, №16 ЖОББМ, Ш. Шокин ат. ЖОББМ, А. Байтұрсынов ат. ЖОББМ, А. Шамкенов ат. ЖОББМ, М. Жүсіпов ат. ЖОББМ. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен дипломдар табысталды. Бұл байқау – ұлттық рухты дәріптеп, жастардың шығармашылығын танытқан шынайы мерекеге айналды.
