24 шілде күні Павлодар қаласында Қала күні кең көлемде аталып өтті. Ауқымды мерекенің ұйымдастырушысы Павлодар қаласы білім беру бөлімі болды. Мерекелік іс-шаралар қаланың бірнеше шағын ауданын қамтып, №17, №48 жалпы орта білім беру мектептерінде, сондай-ақ Қ. Бекқожин, А. Шәмкенов және М. Әуезов атындағы мектептердің алаңдарында өтті. Қала тұрғындары үшін спорттық эстафеталар, «арқан тарту», «асық ату» сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Кештің ерекше көркіне айналған шығармашылық алаңдарда аквагрим жасау, гипстен жасалған бұйымдарды бояу, жіптен қуыршақ жасау бойынша қызықты шеберлік сабақтары өткізілді. Бұл танымдық әрі шығармашылық бағыттағы іс-шараларды “Жігер” балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұжымы ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер сыйлады.



