Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Ту, әнұран, елтаңба» тәуелсіздіктің символы атты тақырыптық викторина өтті
11-11-2011 04:58
Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Ту, әнұран, елтаңба»  тәуелсіздіктің символы  атты тақырыптық викторина өтті

 

Викторинаның мақсаты:
                                            1. Мемлекеттік рәміздердің мән-                      мағынасын,тереңде                       
                                           жатқан сыры мен қырын түсіндіру.
                                          
                                          2.ҚР Конституциясында бекітілген азаматтардың
                                             құқығы мен бостандығына  тоқталып өту.
                                         
                                          3.Балалардың өткен тарихқа қызығушылығын
                                             арттыру және отансүйгіштік сезімдерін ояту

 

Викторинаны жабдықтау:Қазақстан Республикасына сырттай саяхат,           

                                                  ұлттық киімдер, ҚР белгілі қайраткерлері мен                    

                                                  ақын-жазушылардың портреттері.

 

 

 

 

Викторинаның жоспары: 1.ҚР  тәуелсіздігіне арналған өлеңдер оқу

                                               

                                                2. Ұлттық рәміздер туралы анықтама

                                                

                                                3. Викторина сұрақтарына жауап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Балалар,алда  «4 маусым-мемлекеттік рәміздер»  күні келе жатыр. Барша

қазақстандық үшін бұл күннің маңызы ерекше.Өйткені,Мемлекеттік Рәміздер

ел егемендігінің айнасы.

      Естеріңде болса, Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 2007 жылы Мемлекеттік

Рәміздердің 15  жылдығына орай  ұйымдастырылған  «Менің Қазақстаным»

атты республикалық жастар форумында «4 маусымды-Мемлекеттік Рәміздер күні» деп жария еткен болатын.  Содан  бері  осы күн жыл сайын аталып, ел болашағы болар жастар арасында түрлі патриоттық  шаралар  ұйымдастыры-

луда.

      Осынау  айтулы күн  қарсаңында  біз де өз   клубымызда   Мемлекеттік Рәміздердің сыры мен қырына тоқталмақпыз.

 

Рәміз-мемлекеттің «мемлекеттілігін» мәлім ететін нышан

Рәміз –ел болашағы саналатын ұрпаққа мұра боп қалар құндылық

Рәміз-мемлекетті әлемдік деңгейде танытатын бірден-бір белгі

Рәміз- сарғайған тарих беттері мен мұрағаттарға хатталар ұлағат

 

 

Көрініп тұр қанатты жайғанымыз,

Бейбіт өмір,береке айғағымыз.

Бар әлемге танылды қазақ елі,

Желбіреген қыранды байрағымыз

 

                Туымызға  нұр  шұғылалы  алтын күн бейнесі,  қыран   көңіл халқымыздың   асыл  арманын  арқалаған  дала  бүркіті  мен   рухани  болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек  бейнеленген.Ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран  бейнеленген  тікбұрышты көгілдір түсті мата.  Оған қоса,Туды сабының тұсынан  ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн,шұғыла,қыран және өрнек   бейнелері де алтын түсті болуы керек.

 

 

            Елтаңба-қара шаңырақ-біздің ұлттың алтын бесігі.Қазақтың қа-

сиетті қара шаңырағының бейнесі бүгін қазақ елінің нышаны іспеттес.

Асыл діңгек аман болса,алтын бесік мәңгілік өмір жырымен тербеле бе-реді.

 

 

Менің елім

 

 

Қазақстан-туған жерім,

 Көп қой сенде өзен,көлің

  Нұрлана бер,гүлдене бер,

                                            Пейілі кең дархан елім

Жаса,жайна туған өлкем,

Мен өзіңмен мақтанамын

  Бар жиында әнұран айтып

       «Қазақпын»  деп шаттанамын

 

 

Викторина сұрақтары:

 

 

Қазақ жерінде Ту қашан пайда болған?

Қазақстан Туының түсі неге көк?

Казақстан Елтаңбасындағы ерекше бейне?

Елтаңбадағы бесбұрышты жұлдыз нені білдіреді?

Тудың авторы кім?

Елтаңбаның авторы кім?

Әнұранның авторы мен композиторы кім?

Қазақтың үш биін ата?

Абылайдың қай туы көбінесе ауызға алынады?

Үш жүзді біріктірген хан кім еді

 

 

 

Викторина сұрақтарына дұрыс жауап берген балалар марапатталды

 

  

Викторинаның соңында балалар туған ел,Отан, туған тіл, туған жер және

Рәміздерге арналған өлең-тақпақтарын оқыды.

 

 

Викторина әнұран айтумен аяқталды