Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: ул. Академика Чокина 32/2
вахта: 65-43-22 бухгалтерия: 65-34-32 приемная: 65-43-20 методический кабинет: 65-43-21
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Личный прием граждан . Вторник, с 16-00 до 18-00 часов Среда, с 10-00 до 12-00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған
14-12-2011 05:04
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған

 

Тәуелсіздік! Біздің ата-бабаларымыздың аңсаған арманы еді.Сол арманға біздің қолымыз  жетті,бірақ ол оңайлықпен келген жоқ.Тоталитарлық құрсаудан-тәуелсіздікке дейін қазақ халқы талай белестереден өтті. Сол белестердің бірі-желтоқсан оқиғасы.

   Желтоқсан оқиғасы туралы «Бірлік» клубы қысқаша мәлімет береді.

 

   Тәуелсіздік ел атанып,қолымызға егемендік тигеніне міне 20 жыл толып отыр.Ел тәуелсіздігінің мерей тойы барлық қазақстандықтар үшін айтулы

 мереке. Бұл ұмытылмас күн жас мемлекеттің шежіресіне  алтын әріппен жазылмақ. Тәуелсіздіктің ірге тасын қалап,осы бейбіт күнге бізді жеткізген біздің елбасымыз,1-ші Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.

 

«Тарлан» және  «Жас толқын»

 

   1992 жылдың 4-ші маусымында ел егемендігінің айнасы болған  Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. 1993 жылы 13 қарашада жас  тәуелсіз мемлекет  өзінің ұлттық валютасы-теңгені айналымға жіберді. Тәуелсіздіктің 20-жылдығы  қарсаңында  біз де Мемлекетік Рәміздердің тереңде жатқан  сыры мен қыры туралы  айтып өтелік.

 

«Жігер»

 

Заңның әділдігі

Қоғамға байланысты,

Заңның  беделдігі

Заманға байланысты

демекші, Конституция біздің алтын Заңымыз. Адамдардың бостандығы,бейбіт  өмір сүруі,білім алу құқығы-осының бәрі Ата  заңымыздың арқасы. Жылдан-жылға елдің заңы қатайып,әділдік орнап,адам құқығы сақталуда.

 

«Болашақ»

 

1997 жылы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.

«Қазақ тілі» - қазағымның айнасы

Туған тілім  бар әлемге жайнашы

Тілім барда,сыр шертемін жырлаймын

Ұлтымыздың туған тілін сыйлаймын.

дегендей, әр жылдың 22 қыркүйегінде біз тіл мерекесін атап өтеміз.

 

«Болашақ»

 

 

   1998 жылдың 6 мамырында Президент Жарлығымен ҚР астанасы –Ақмола қаласының атауы –Астана болып өзгертілді.Еліміздің бас қаласы болған Астана қаласы күн сайын құлпырып,гүлденіп келеді.Астана-келешектің нұрлы шапағаты төгілген нағыз жастар қаласы.

 

Жарқырап тұр Астана

Өзі сондай жас қала

Бәйтерек тұр сән беріп

Көк аспанмен тілдесіп...

 

«Жеңіс»

 

 

 Жүргізуші:  

 

   ҚР қазіргі таңда әлемдегі бүкіл мұсылман елдерінің ішінде алғаш болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз тарихқа алтын әріппен жазылды.

 

    20 жыл бұрын біздің кім екенімізді әлем толық білмейтін еді. Қазір Қазақстан өз мүмкіндігін күллі әлемге паш етті. Ол Астана  төрінде әлемнің 50-ден астам ел басшыларының басын қосқан САММИТ еді.

 

 

   2011 жылы 7-ші қысқы Азия ойындары Алматы  мен Астана қалаларында өтті. Қысқы Азия ойындарының біздің елде өткендігі-барлығымыз үшін зор мәртебе.Жалпы айта берсек,еліміздің жетістіктері толағай...

 

«Нұртас»

Жүргізуші:

  Өз Отаныңның патриоты болғанға не жетсін! Кең- байтақ даланы атажұрт бабаларымыз көздің қарашығындай сақтап,найзаның ұшы,білектің күшімен қорғағанының арқасында  бізге жетіп отыр.Ендеше,осындай  ұлан-байтақ тәуелсіз еліңді сүйіп өту-кімге де  болсын парыз әрі қасиетті  міндет. Отанды сүю-оның әрбір тасын сүюден  басталады. Бүгінгі өз келешегіне  бет алған  тәуелсіз Қазақстан  - бұл біздің ортақ жетістігіміз. Осы жетістікке біздің республикамызда тұратын 30-дан астам ұлт өкілдері де жетті,өйткені біз олармен тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жасай берсін ынтымағы мен достығы жарасқан, бірлігі берік Қазақстан Республикасы!

 

«Қайсар»