Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бірлік» БЖК мен № 13 ОББМ бірігіп өткізілген «Ашық есік күні» шара өтті
24-04-2012 09:37
«Бірлік» БЖК  мен  № 13 ОББМ бірігіп өткізілген «Ашық есік күні» шара өтті

 

Шараның мақсаты: «Бірлік» БЖК  мен  № 13 ОББМ бірлесіп жұмыс істеу, клубқызметін таныстыру,салауатты өмір салтын  насихаттау.

Шараға қатысушылар:

1.Үйірме мен секция оқытушылары, № 13 ОББМ дене шынықтыру мұғалімдері мен оқушылары және «Бірлік» БЖК тәрбиеленушілері.

- Грек-рим күресінің  жаттықтырушысы- Ж.Х.Батжанов;

- Муай-тай –Ж.С.Ракишев, Р.Б.Сыдыков;

- «Креатив» декоративті-қолданбалы өнер- Г.Б.Сулейменова;

- «Білгенге –маржан...» қазақ тілі-А.С.Шакаргалиева;

-«Назқоңыр» вокал үйірмесі-Б.Ж.Сарсебеков;

-Happy English ағылшын тілі –Т.Қ.Темірбекова;

- «Джем» брейк  би – А.И.Богунов.

 

Шараның жоспары

  • БЖК көрмесі, Муай Тай бойынша жетістіктер, «Бірлік» БЖК   қызметі туралы фотолар.
  • «Бірлік» БЖК   үйірмелері ,секцияларымен таныстыру.
  • «Бірлік» БЖК    тәрбиеленушілері мен   № 13 ОББМ оқушылары арасындағы көңілді старт  ойыны.
  • Таныстыру ақпараты бойынша викторина.
  • Марапаттаулар.
  • Қызығушылықтары  бойынша үйірме мен секцияларға жазылу.

                                            

 

Шараның өту барысы:

    

      Сапқа тұру,рапорт алу және ҚР  әнұраны

 № 13 ОББМ директоры С.М.Камиеваның  құттықтау сөзі.

 «Бірлік» БЖК  меңгерушісі Г.Б.Сулейменованың  құттықтау сөзі.

 «Бірлік» БЖК  меңгерушісі Г.Б.Сулейменова өткізілетін шараның жоспарымен таныстырды.

 

Клуб тәрбиеленушілері клуб үйірмелерін өлең түрінде таныстырды,өлеңдерді  қазақ тілі үйірмесінің оқытушысы А.С.Шакаргалиева шығарды.

 Вокал үйірмесі музыкалық өлеңдермен таныстырылды. Жаманбаева Томирис    «Ертегілер» және «Домбыраның күмбірі» деген өлеңдерді нақышына келтіріп  шырқап берді,ал  Нокин Дидар

«Махаббатым сен едің» деген әнімен оқушыларды тамсандырды.

Муай Тай секциясын таныстыру өте тамаша өтті.Амантай Бекзат Муай Тай күресінің ритуалды биін көрсетті,ал басқа Муай Тай үйірмесінің  тәрбиеленушілері  күрестің неше түрлі  тәсілдерін жасады. Барлық көрсетілген  амалдар Муай Тайдың өзіне тән  әуенімен өткізілді. Осы күрес- тәрбиеленушілердің  қол,аяқ бұлшық еттерінің  дамуына, дене пішінінің әдемі  болуына көп әсер етеді,яғни баланың өзін-өзі қорғауына  ықпал жасайды. Муай Тай жетістіктері  республикада ғана емес,халықаралық деңгейде  марапатталынған,олардың кубоктары мен марапаттау қағаздары мектеп оқушыларына көрсетілді.

Декоративті –қолданбалы үйірменің жұмыстары әр түрлі  техникалық  деңгейде жасалынған.Үйірме тәрбиеленушілері өздерінің жұмыстарын көрмеде таныстырып, өздері мәз болды,ал мектеп оқушылары қолдан жасалған үлкен ғимарат макетін көріп таң қалды. Бұл үйірмеде жұмыстарға  ұлттық  калорит беруге тырысады. 

 Ал,ағылшын тілі үйірмесін  Киреева Надя таныстырып өтті,ол осы клубқа бірініші сыныптан бастап келген еді. Қазіргі жетістіктері өте тамаша,ол ағылшын тілінде  өлең оқып берді,оның осы тілге деген құмарлығы өте зор.

 

«Джем» брейк би үйірмесі де өз өнерлерін көрсетіп,оқушылардың

қуанышына бөленді. Муай Тай мен «Джем» брейк биі туралы Сулейменова Г.Б.    аздаған ақпарат беріп,олардың шыққан  тарихымен таныстырды. Кейіннен осы алынған ақпарат бойынша викторина өткізілді.

Грек-рим күресі бойынша бірнеше тәсілдер көрсетіліп,соңында көңілді старт өткізілді. Клубты таныстыру бойынша алған мәліметтерін тексеру үшін викторина  жүргізілді,оның сұрақтары:

 

1.Муай Тай деген сөз нені анықтайды?(еркін күрес)

2. Күрескердің басындағы байлау қалай аталады ? (монгкон)

3.Брейк бидің шыққан жері? (Нью-Йорк)

4.Кім қарусыз ,тек қана  би арқылы өз қарым-қатынастарын шешуге болатындығын айтты?  (Диджей Африка Бамбаата,шын аты Кевин Донован).

 

Сұрақтарға дұрыс жауап берген балалар викторина соңында марапатталды.

 

 № 13 ОББМ директоры Камиева Сауле Маратқызы,   № 13 ОББМ  ОТЖДО Мұратбекова Рахима Қаиырбекқызы,  Чифин Дмитрий Николаевич, Мартынов Сергей Петрович, Танкова Елена Александовна  «Жігер» БЖК «Бірлік» бөлімше  ұйымының атынан  алғыс хаттармен марапатталды.