Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Барлығы да балалар үшін!
24-05-2012 10:43
Барлығы да балалар үшін!

             Семинарға біздің облыстық барлық аудандарынан келген тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлер қатысты. Бұл семинардың мақсаты, ол – шығармашылық қорды көрсету, оларды шығармашылық қызметпен таныстыру және клуб жұмысының тәжірибесімен алмасу. Толық ақпаратпен әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Наргүл Тлеубергенқызы Абыкенова таныстырды. Бұл іс-шара жазғы демалыс қарсаңында өте маңызды және қажетті, өйткені балаларда жазғы демалыста көп бос уақыт болады бұл жазғы уақытта балалардың бос уақытын қамту аула клубтары мен мектеп, отбасы үшін ең басты тәрбиелік мәселе. «Жігер» балалар жасөспірімдер клубында өткізілетін секциялар арқасында балалар өз икемдерін, дарындарын,мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Осыған орай, олар жеке тұлғалық дамуды жетілдіреді және «Мен» өзім жеке шығармашылық дарынмын деген ізденісте болады. Семинарға қатысушылар үшін «Бірлік» балалар жасөсперімдер клубының меңгерушісі Гүлмира Бекетқызы Сүлейменованың «Балалар жасөспірімдер клубындағы денсаулықты сақтау технологиялары туралы лекция - әңгімесі өте тартымды және қызықты болды». Балалардың денсаулығын жақсартуда, туризмнің қызметі туралы қосымша білім беру педагогы Татьяна Леонидовна Повстьян айтып берді. Қосымша білім беру педагогы С.С. Волчуга «Күн, ауа және су»-адамның ең жақсы достары деген аталыммен жеңіл атлетика секциясының ашылуын көрсетті. Умарбеков Рулат Қайыргелдіұлы мен М. Г. Якимова – қосымша білім беру педагогтары көрсеткен мастер-класстар өте жақсы, маңызды және жоғары әдістемелік тұрғыда өтті. М. Г. Якимова «Интерьердегі қайың қабығы»атты мастер-класс өткізді. Қонақтар шығармашылық шеберхананың кереметтілігін сезініп, өз қолдарымен интерьерге қайын қабығынан кейбір әшекейлер дайындады. Осының бәрінен олар үлкен ләззат алды. Рулат Қайыргелдіұлы Умарбеков қонақтарға өз тәжірибесінен бірнеше спорт билерін көрсетті . Спорттық биді орындаған шебердің сымбаттылығы мен әсемділігі қонақтарды бағындырып алды. Олардың әрқайсысы ата-ана, ал әрбір ата-ана өз баласын жақсы формада көргісі келеді оны тек қана спорт сыйлай алады. Қонақтарға шығармашылық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды, олардың кейбіреулері қала, облыс, сонымен қатар республика деңгейінде жүлделі орындарға иеленген. Семинар балалар- жасөспірімдер клубының жұмысы туралы пікір алмасумен аяқталды. Клуб директоры Гүлнар Қайыргелдіқызы Үйсінбаеваға көп жылы лебіздер айтылды, сонымен қатар қосымша білім беру педагогтарының жұмыстары да аталып өтілді. Олардың шеберлігімен кәсіби білімдері өсіп келе жатқан ұрпаққа көп пайдасын тигізуде. Және біз, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесін дамыту ісінде осы мол тәжірибені облыстың барлық жерлері жүзеге асыруына сенімдеміз.