Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Патриоттық тәрбие беру - басты мақсат атты патриоттық сабақ өтті
07-11-2013 05:48
Патриоттық тәрбие беру -  басты мақсат атты патриоттық сабақ өтті

Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие     

Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек.

Қазіргі жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.

Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт - дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, шет  тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды  ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Патриотизм – туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, өз ұлтын сүю, өзге ұлтты сыйлау, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі және оларды құрмет тұту.
Патриоттық тәрбие – қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс.

Патриотичесоевоспитание сегодня - одно из важнейших звеньев системы воспитательной работы. Ответ на вопрос «Что такое патриотизм?» в разные времена пытались дать многие известные люди нашей страны. Суть патриотического воспитания состоит в том, чтобы посеять и взрастить в детской душе семена любви к родной природе, к родному дому и семье, к истории и культуре страны, созданной трудами родных и близких людей, тех, кого зовут соотечественниками. 

Патриотическое воспитание является одним из приоритетных направлений в системе дополнительного образования Казахстана, так как способствует формированию у детей и молодежи высокого патриотического сознания, готовности к выполнению гражданского долга, важнейших конституционных обязанностей по защите интересов Родины.

В нашем клубе «Болашақ» разработан и функционирует программа «Моя Отчизна – Менің Отаным». Программа разработана на период с 2011 по 2016 гг. В рамках этой программы проведены ряд мероприятий. Например: «Туған елім – Қазақстан – Казахстан – родная земля», «Ата Заң – елдігімнің еңсесі», «Тіл тірлігімнің айғағы», «Жасай бер, Ана тілім», «Бірінші Президент», «Моя Отчизна – Мой город» и др. Мероприятие «Моя Отчизна – Мой город» проходил с участием родителей по 5 номинациям:это фотовыставка «Гүлден, жайна, туған қалам! – Цвети, расцветай, родной город!», конкурс рисунков «Менің сүйікті қалам – Мой любимый город!», конкурс авторских стихов «Туған өлкем – аймағым», конкурс стихов о Павлодаре «Әсем қалам – Павлодар!» и конкурс песен о Павлодаре (на лучшее исполнение). По завершении праздника когда подводили итоги, присутствующие родители сказали, что такие мероприятия совместно с родителями, это очень интересно, подтягивают не только детей, но и родителей, что такие мероприятия нужно проводить почаще. 

Тәуелсіз елімізде оқушы – жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім – тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да, сауатты, ұлтжанды, мәдени - ғылыми ой өрістері кең ұрпақ өсіру – қосымша білім беру мекемелерінің алдында тұрған басты міндет.

Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысына, қаһарман, қайсар, жігерлі азамат тәрбиелеу.

Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс:

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын азамат;

Қазақстан Республикасының экономикалық байлығын дамытатын;

Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;

Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;

Отанды қорғауға жалпы адамзаттық тыныштықты сақтауға қашан да даяр;

Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде «Болашақ» клубының «Тілашар» қазақ тілі  үйірме сабақтарында және сабақтан тыс уақытта көптеген іс – шаралар атқарылуда. Соның бірі биылғы оқу жылынан бастап жүргізілген «Тарихпен өрнектелген — өлке» тақырыбында тарихи өлкетану бойынша танымдық жұмыстар. Бұл жұмыстың мақсаты:

Үйірме тәрбиеленушілерін өз қаламыздың тарихымен тереңірек таныстыру;

Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп білу;

Тұлғаларға қойылған ескерткіштер жанында шолулар өткізу, ірі кәсіпорындарға, мәдени орталықтарға, өлкетану, әдебиет, көркемсурет мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;

Тәрбиеленушілердің қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиеленушілердің елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру.

Осы жұмыс бойынша биылғы оқу жылына іс – шара жоспары құрылып, маршрут схемасы жасалды. Таңдалып алынған атақты тұлғалар Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қалижан Бекхожин, Қанаш Қамзин, Машһүр Жүсіп және т. б.

 Павлодар қаласындағы мұражайларға саяхат жасау, қала көшелеріндегі ескерткіштер жанында әңгімелер мен шолулар өткізу, оқушылардың патриоттық сезімдерін одан әрі арттыратыны сөзсіз.

Оқушыларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстел, семинар кеңес, кездесулердің және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор. Ендеше, құрметті әріптестер жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық.

Қазір сіздердің алдарыңызда «Тілашар» қазақ тілі үйірмесінің оқушылары.

 

1.      Менің атым Егор,

Мен алты жастамын.

Қазақстан – менің Отаным – Казахстан – моя Родина

Моя Родина – Отан.

Край любимый – Казахстан.

Горы, степи и поля –

Это все моя земля.

Мы гордимся Родиной – Отан!

Славит ее гимн – әнұран!

Крепнет пусть родной Казахстан!

Цвета голубого неба

Ту – это наш флаг

На гербе – елтаңба

Мы видим шаңырақ.

Елорда – столица наша –

Қала – город Астана.

Расцвела и стала краше,

Строится день ото дня.

 

2.      Құрастырма. Берілген әріптерден сөз құрау, оны орыс тіліне аудару:

т, о, н, а Отан– Родина

у, ғ, н, а, т, р, е, ж  Туған жер – родная земля;

с, т, а, а,н, а, Астана – Астана

е, к,с, е, і, р, ш, т,  ескерткіш - памятник

к, н, ү күн – солнце

 

3.      Окунева Юля:

Туған Жер

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құүйған,

Қазақстан Республикам – менің.

Казахстан – мое счастье!

Казахстан – моя гордасть!

Горжусь я тем, что есть у меня

Великий Абай, великий Мухтар.

Пусть краше становится земля!

Я люблю тебя, мой Казахстан!

Орманы – пүліш, бұлағы – күміс,

Қазақстан – Республикам менің!

Таулары заңғар, өзені ырыс,

Қазақстан – Республикам менің!

 

4.      Мақал – мәтелдер: (работа с аудиторией)

Отан – елдің анасы,

.............         Ел – ердің анасы     (Родина – мать народу, народ – мать джигиту)

 

Отанды сүю - .......... отбасынан басталады (Любовь к Родине у семейного очага зароджаются)

 

Отансыз адам –

...........  Ормансыз бұлбұл  (Человек без родины, что соловей без леса)

 

Ел іші ....... алтын бесік  (Родная земля – золотая колыбель)    

Баширова Кзжибек Рамазановна

ҚБМ «Тіл ашар»