Муай – тайдан өткен ҚР чемпионат жарысынан есеп беру
2014 ж. Қаңтардың 23-25 аралығында Алматы қаласында Қазақстан республикасының чемпионаты өтті.
Мақсаты мен міндеттері:
-Балалардың денсаулықтарын арттыру, үйреніп жетілгендерін корсете білу.
-күштерін сайыстырып мықтыларды таңдау, жаттығуға деген құштарлығын арттыру.
-Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, белсенді азаматтылығын, жарыстарда обылыс намысын қорғау.
Қазақстан Республикасының чемпионаты жарысына әр облыстан тек бірінші және екінші нөмірлі спортшылар жиналды. Жалпы алғанда 130-дан астам спортшы жиналды. Оның ішінде Павлодар обылысынын атағын қорғаған спортшылар да бар, олардың ішінде «Бірлік» клубының спортшылары: Хажмуратов Азамат, Вереин Дмитрий, Насыров Линар осы үшеуінің екеуі жүлделі орындармен оралды. Хажмуратов Азамат 2орын алса ал Вереин Дмитрий 3орынға иеленді. Сонымен қатар Хажмуратов Азамат Қазақстанның құрама камандасына енді.
Жарысқа қатысқан спортшыларымыз жарақатсыз және жүлдемен оралды. Жарыс ойдағыдай жақсы өтті.
Жауапты ПДО ДПК «Бірлік» Ракишев Ж.С.