Есеп беру
«Жас толқын» клубында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында іс-шара міндетті түрде өткізіледі. Барлық іс-шаралар Тәуелсіз Қазақстан құндылықтары мен Елбасымыздың негізгі бастамаларын халық санасына сіңіруге бағытталған. 2016 жылдың 30 қарашасында педагог Темірбекова Т.К. «Бір ел, бір тағдыр, бір Көшбасшы» атты іс-шараны ұйымдастырды. Іс-шараға «Мен саяхатшымын» үйірмесінің тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары қатысты. Іс-шара қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар өткізілді. Ұстаз Президенттің тарихта қаларлық үлкен еңбегі, оның жетекшілігімен ұлттық валютаның айналымға шыққандығы және өздігінен жұмыс жасайтын қаржылық – экономикалық жүйе құрылғандығы, Қарулы күштер жасақталғандығы, ұлттық қауіпсіздік нығайтылғандығы туралы айтты. Балалар Тұңғыш Президент туралы өздерінің жазған өлеңдері мен шығармаларын оқып, өздерінің алғыстарын білдірді, тақтаға шығып Қазақстан, Президент туралы ағылшынша сөйлемдер құрап жазды. Іс-шараның соңында ата-аналар өз балаларын еліміздің жақсы азаматы мен азаматшалары етіп тәрбиелегендері үшін алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара жоғары деңгейде, салтанатты түрде, патриоттық пен мақтаныш әсеріне толы болды, себебі әр қатысушы өз елі мен Елбасын мақтан тұтты.