Кобудо-Кумитэ бойынша сайыс.
2016 жылдың 25 қыркүйегінде «Балшуақ» БЖК негізінде Кобудо-Кумитэ бойынша ашық біріншілік өтті. Бас төреші әрі ұйымдастырушы –спорт бойынша ұлттық төреші, ІІ дан, Никитин Владислав Николаевич. Жарысқа 100 шақты қатысушы қатысты. 6 – 16 жас аралығындағы балалар арасында Тёрен-рётэ (ұзын қылыш) жекеше сайысы өтті. Сонымен қатар жарысқа клубтардың мұғалімдері қатысты, олардың арасында І орынды «Айналайын» БЖК жаттықтырушысы ОспановФархатМаратович иеленді.Әртүрлі санаттағы жеңімпаздардың барлығы дипломдар мен медальдармен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!