ҚР Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында «Өркен» балалар жасөспірімдер клубында, мерекеге арналған викторина ұйымдастырылды. Бұл шараға мектептің 6-8 сынып оқушылары және «Өркен» клубының оқушылары қатысты. Олардан «Дружба», «Апельсин», «Друзья народа» атты 3 топ құрылды. Шараға қатысушыларға Елбасымыз туралы, оның атқаратын қызметіне, мемлекеттік рәміздерге және Қазақстанның тарихына қатысты әртүрлі бірнеше сұрақтар қойылды. Қатысушылардың барлығы сұрақтарға белсенді жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ұпай беріліп отырды. Ең көп ұпайды дұрыс жауаптар үшін жинаған «Апельсин» тобы бірінші орынды иеленді. Әділ қазылар алқасының мүшесі-Абетжанов Нұрлан Ермекұлы, әр қатысушыны бей-жайқалдырмай, «Мақтау қағаздарымен» марапаттап, сыйлықтар тарту етті. Викторина соңы концерттік іс-шарамен аяқталды.
Тұңғыш президент күні