«Павлодар – батырлар елі»
17 қараша күні Жастар саясаты мәселелері жөніндегі Облыстық басқарманың қолдауымен №7 қалалық балалар кітапханасында «Павлодар – батырлар елі» атты Жеңістің жетпіс жылдығына арналған тақырыптық кеш өтті. Бұл кешке Отан соғысының ардагері Малыгин Геннадий Дмитриевич пен тыл ардагері Баспаев Галым Ысқақұлы қатысты. Ардагерлерге арнап «Болашақ» БЖК-ның «Брейк Данс» би үйірмесінің балалары би өнерлерін көрсетсе, «Айжұлдыз» үйірмесінің балалары жеңіс туралы өлеңдер оқып, «Жігер» клубының тәрбиеленушісі Кабиден Айгерім «Майданнан хат» атты монолог оқыды. Жастар саясаты басқармасының қызметкерлері барлық жиналғандарға «Павлодар – батырлар елі» деген кеудеге тағатын белгі (значек) таратты.