2 қараша БЖК «Рақым» күзгі демалыс кезінде «мақал – мәтелдер» сайысы ұйымдастырылып өтті. Сайысқа 11 бала қатысты «Сөз мәйегі» – мақал – мәтел деп, сайысты бастайық. Сайысты ұйымдастырған: қосымша білім беру педагогы - Жергасинова Ж.Е. «Елтану» үйірмесінің тәрбиеленушілері екі топқа бөлінді.Тәрбиеленушілер дауыс арқылы топ жетекшілерін сайлады. Жетекшілер топтың аттарын қойды. Бірінші топтың аты – «Жұлдыздар», ал екінші топтың атауы – «Арыстандар». Тәрбиеленушілер алдын – ала дайындалып, мақал – мәтелдерді жаттап, кім көп жатқа айтатын тәрбиеленушілер жарысты. Осы сайыс арқылы тәрбиенушілер тіл байлығын, ойлау қабілетін,тілге деген шеберліктерін жетілдірді. Олар өздерінің адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, жақсылық сапаларын көрсетті.
«Мақал – мәтелдер» сайысы