Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс - атты өткізілген шара туралы ақпарат
08-05-2012 11:15
Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс  - атты өткізілген шара туралы ақпарат

 

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Халқымыздың зердесінде бұл дата -1945 жылдың 9 мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Бұл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталған күні, әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн. Бұл Жеңіс күні.

Осы қымбат мереке қарсаңында 7-мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылары күні – деп айта келе жүргізуші мерекеге шақырылған ауған соғысының ардагерлерімен таныстырды. Олар:ауған соғысының лейтенанты, «Қызыл Жұлдыз» орденінің кавалері  Амиров Кенжебай Мүбәрәкұлы, ауған соғысының лейтенанты Каменов Мұрат Тоқпанұлы және Кеңес Армиясының әскері, көптеген патриоттық әндердің авторы, орындаушысы, балалар бард  клубының меңгерушісі Кожахметов Маулен Молдабайұлы.

      Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

      Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

      Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан,

      Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! – деген жүргшізуші сөзінен кейін «Болашақ» клубының меңгерушісі Рулат Каиргелдіұлы жиналғандарды  Келе жатқан Жеңіс мерекесімен және Отан қорғауцшылар күнімен құттықтады.

        Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,

        Кеудесін оққа төсеп лаулағандар.

        Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,

        Жеңіс тойын 67 жыл тойлағандар, - деп сонау сұрапыл жылдары  Жеңіс күнін жақындатуға ат салысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алады.

Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян.  Солардың ішінде ауған-жауынгерлерінің де ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. – деп, айта келе көз кезегі Амиров Кенжебайға берілді. Ол өзінің 18 жасында әскер қатарына шақырылып, онда Отан алдындағы интернационалдық борышын орындау барысында, ауған соғысына қатысқаны туралы, сол соғыста жолды минадан тазарту кезінде, жарылған минаның қалдығы тиіп, көзінен жарақат алып, госпитальді жатса да, көз жананрынан айырылып қалғандығын айтты. Сонымен бірге Кенжебай балаларға «кишлак» деген ұғымды түсіндіріп, Андагар, Адраспан және тағы басқа қалалар туралы айтты.

Каменов Мұрат та ауған халқының тұрмысы туралы әңгіме жасады. Кожахметов Маулен өзі шығарған «Қазақ батырлары» және басқа да әндерін орындады..

Балалар ауған соғысы ардагерлерінің әңгімесін мұқият тыңдап, оларға: «Ауған соғысының ардагері ақын Александр Казаков туралы», «Ауған халқының тұрмысы туралы» және тағы да басқа сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Амиров Кенжебай Александр Казаковпен бірге бір жерде әскери міндеттерін атқарғандығы туралы әңгіме етіп, Казаковтың төрт томдық өлеңдер жинағы кітабының жарық көргендігін, сол кітапқа енген екі өлеңге өзінің ән жазғанын айтып, сол өлеңдерді гитарада ойнап, айтып берді.  

 Содан кейін «Болашақ» клубының балалары ардагерлерге арнап концерттік бағдарлама көрсетті. Бұл бағдарламада «Тілашар» қазақ тілі үйірмесінің балалары Попеску Данил, Падалко Рома, Литвин Арина. Галиева Саша  Жеңіс туралы, ардагерлер туралы қазақ тілінде өлең оқыса, ағылшын тілі үйірмесінің оқушысы Камила ағылшын тілінде «9 мамыр» атты өлең оқыды. «Карамель», «Джем» би үйірмелерінің балалары Эрнст Тамара, Галиева Саша, Наурзбаева Диляра, Шакова Василиса, Вайц Артур, Мусин Аслан, Майборода Данил, Даниленко Даниил би өнерлерін көрсетсе, «Самбо» үйірмесінің балалары өздерінің үйірмеде үйренген күрес шеберліктерін көрсетті.  «Вокал» үйірмесінің оқушысы Хамзина Амина «Әлия» әнін нақышына келтіріп орындады. 

         Жолдардай қуаныш пен тоғысты мұң,

         Жан толықтырар сәттер бұл жер үстінде.

         Сүйінші! Сүйінші!» - деп жебеу қағып,

         Ән болып айтылып тұр жеңіс бүгін. – деген сөздерден кейін «Әнші балапан» вокал тобы «Жеңіс күні» әнін орындады.

Ауған соғысының ардагерлері, сіздердің отты жылдардағы ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды! Отанды қорғау, Отанға деген махаббат, патриоттық сезімнің шынайы үлгісін көрсете білдіңіздер. Келешек ұрпақ сіздердің ерліктеріңізді үлгі тұтады. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жас ұрпақты тәрбиелеу барысындағы игі істеріңіз жоғарыдан көріне берсін! – деген тілектермен ардагерлерге гүл шоқтары тапсырылды.

Шараның соңында балалар ардагерлермен фотосуретке түсті.