Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жігерлі дауыс -2017»
21-02-2017 04:09
«Жігерлі дауыс -2017»

2017 жылдың 15 ақпанында «Жігер» балалар - жасөспірімдер клубында «Жігерлі дауыс -2017» вокалдық сайысының  іріктеу кезеңі өтті.

Адамдардың саны көп болмады себебі олардың көбісі қатысушылар болды, бұл жағдай қатысушыларға өз өнерлерін көрсетуге оң әсерін тигізді. Ең бірінші кезекте «Жігерлі дауыс - 2017» сайысын ұйымдастырушыларына және әділқазылар алқасына  алғыс білдіргіміз келеді, себебі сіздер әр дарынды балаға сахнада өз өнерін көрсетуге және финалдық кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік бердіңіздер. Бұл кішкентай вокалистерге бағаланбас тәжірибе, ал «Жігер» клубына үлкен жұмыс.

 

«Жігерлі дауыс -2017» сайысына 6-15 жас аралығындағы балалар қатысып, үш жас шамасына қарай  топтарға бөлінді. Қатысушылар екі әннен орындады, сайыстың тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған. Жас әншілеріміз көрермендерді әдемі дауыстарымен, әдемі сахналық киімдерімен  қуантты. Жеке ән айтушылар ғана емес дуэт, трио болып айтамын деушілерге де номинациялар болды.  

Сайыстың әр қатысушысының жасы кішкентай болса да өзіндік орындаушылық шеберлігі, ерекшелігі болды.

Балалар-жасөспірімдер клубының  барлық вокалистері  клубтағы және қала деңгейіндегі концерттерге қатысып жүрген  әншілер. Ал бұл сайыста олар өздерінің өнерлері арқылы жарысты. Сайысқа 16 балалар – жасөспірімдер клубынан барлығы 42 бала қатысты. Финалға 27 қатысушы шықты

«Жігерлі дауыс - 2017» вокалдық сайысының  финалдық кезеңі 22 ақпанда сағат 15.00 – де  №15 ЖОББМ негізінде өтеді. Финалдық  бағдарламада  финалға шыққан барлық қатысушылар өнер көрсетеді, сонымен қатар музыкалық сайыстың ең қызық жері жеңімпаздарды марапаттау және гала-концерт өтеді.