«Көктемдегі көңіл-күй»
«Жас Қанат» БЖК негізінде 6 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктемдегі көңіл-күй» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шараға клуб тәрбиеленушілерінің әжелері мен аналары шақырылды.
Балалар аналары мен әжелері үшін мереке ұйымдастырды, олар әсем әндерімен, билерімен, өздері шығарған әсерлі өлеңдерімен өнерлерін көрсетті және каратэ бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Бұл іс-шара көрермендерге жақсы әсерлер сыйлады.
Іс-шараның соңында ата-аналар өздерінің балаларына, оларды дайындаған клуб мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.