Шахмат бойынша жарыс.
1-6 наурыз аралығында «Жеңіс» БЖК Халықаралық әйелдер күніне орай шахмат бойынша жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа «Шах» үйірмесінің 20 тәрбиеленушісі қатысты. Іс-шараға «Шах» үйірмесінің жетекшісі Сапаров Г.К. жауапты болды.
Іс-шараның мақсаты: ең қымбат жандарды – анаңды, әжеңді құрметтеуге және сыйлауға тәрбиелеу; сабақта алған білімді бекіту; бос уақытты тиімді өткізу.
Жарыс үш күн бойы, екі топқа бөлу арқылы өтті. Барлық балалар өз тобындағы барлық балалармен ойнады.
1 топта жеңіске жеткендер: Кайсар Р., Жагупаров С., Нурпеисов Е.
2 топта жеңіске жеткендер: Плескач С., Оришевский А, Смагулов.